Златополье ауылдық округінің әкімі С.С. Сипульдинның «Златополье ауылдық округінің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Златополье ауылдық округi әкiмiнiң аппараты 2017 жылдың бiрiншi жарты жылдығында бiршама жұмыстар атқарылды.

Ауыл тұрғындарымен жиылыс өткiзiлiп, аймақтағы тiршiлiк әрекеттiне қатысты сұрақтар талқыланды. Оның iшiнде мал жайылым орнын белгiлеп, сумен жабдықтау мәселесi және елдi мекендердiң саулетенуiне арналған сұрақтар талқыланды.

Жеке және заңды тұлғалардың 10 өтiнiшi қаралды. 46 нормативтiк-құқықтық актi қабылданды. 31 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. 10 отбасына балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалды. 5 отбасы атаулы әлеуметтiк көмек алушылар.

Әкiмгершiлiк пен участкелiк инспектор мен бiрiгiп, азаматтар құқықтар заңдылығы, тәртiп құқықтарына байланысты сұрақтарды шешуге ерекше зейiнмен қарайды. Ұрлық пен отбасы басылық құқық бұзушылық қатынастар арасындағы жағдайларға алдын ала iс-шаралар жүргiзiлiп, уақытылы жұмыс атқарылады. Селета селосына арнайы алкоголизмдi емдеу емханасына 2-азамат жiберiлдi, ал 1 азамат наркологқа емдеу шараларына есепке алынды.

Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру.

Ауыл шаруашылық ынтымақтастығын дамыту бағдарламасы бойынша халықтан сүт алуға арналған модульдi сауу орталығы сатып алынды, Насибулина Р ауыл шаруашылығына арналған қаржылық қолдау қоры арқылы 5 млн. теңгеге несие алды.

2018 жылға Бурабай ауданының жұмыспен қамту орталығы арқылы «Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi 2017-2018жж» арналған Савинка ауыл тұрғыны Кенжебаев А.Т. мал шаруашылығын дамытуға несие алуда.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты қысқарту.

Бағдарлама бойынша 2017 жылы 37 адамға 10 тұрақты жұмыс орны және 27 уақытша орын берiлдi.

«Агрофирма Бурабай 2007» ЖШС-i — 27 уақытша және 3 тұрақты жұмыс орны;

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуемттiк бағдарламалар бөлiмiне өтiнiш берген жұмыссыздар арасынан қоғамдық жұмыстарға 4 адам тартылды.

Орташа еңбекақыны көтеру.

Ауылдық округ ұйымдарында 2017 жылға Орташа айлық жалақы артты:

ЖШС "Агрофирма Бурабай-2007" жұмысшылардың жалақысы 13 % арттырылды.

ШҚ "Андреев", ЖШС "Колос-2004" басшысы Андреев С. В. жұмысшылардың жалақысы 10 % арттырылды.

Жыл iшiнде бiрнеше рет ауылдық округi аумағындағы шаруа қожалықтарының басшыларымен жұмысшылардың еңбек ақысын өсiру бойынша және зейнетақы жарналарын бөлу әңгiмелерi жүргiзiлдi.

Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту.

Жыл соңындағы жиналған салық мөлшерi: көлiк салығы- 6433,2 теңге.

Жер қатынастарын реттеу.

Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты азаматтарды жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телiмiн алуға кезекке қояды. Барлығы 6 адам кезекте тұр, Златаполье ауыл тұрғындары.

Жергiлiктi қауымдастықпен өзара әрекеттесу.

2015 жылы ауылдық округ бойынша жергiлiктi қоғамдастықтың 17 мүшесi сайланды. 2017ж. олармен бiрлесе отырып ауылдың санитарлық тазалығына қаражат бөлу туралы маңызды шешiмдер қабылданды.

Осы жылдың маусым айында Первомай ауылында Обалы ауылына, және Молодежная көшесiн Жастар көшесiне өзгерту туралы жергiлiктi қоғамдастық шешiм қабылдады.

Түлкiлi ауылында Лесная көшесiн Бейбiтшiлiк көшесiне өзгерту жергiлiктi қоғамдастық шешiм қабылданды.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚБШ-ның толықтырылуы.

ҚБШ-ға қаражаттың түсуiн көбейту мақсатында өкiлеттi органдармен өзара әрекеттестiктi нығайту бойынша iс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес, АШТӨ-мен және басқа да жұмыс берушiлермен жалақыны көтеру бойынша түсiндiру жұмыстары тұрақты түрде жүргiзiлуде, кәсiпорындардағы есепке алынбаған жұмысшылар анықталуда, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрлесе отырып, жергiлiктi салықтар бойынша берестердi түгендеу жүргiзiлуде, заңсыз кәсiпкерлiкпен айналысатын тұлғалар анықталуда. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты жүргiзiлуде және ҚБШ-ны толықтыру мәселесi ауылдық округ әкiмiнiң ерекше бақылауында.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету ең маңызды мәселелердiң бiрi.

Златополье, Савинка ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықталған. Түлкiлi ауылы 4 су тарату колонкалары мен жабдықталған. Сотниковка ауылында су жүйесi орталықтандырылған, 7 аулаға су үйлерiне тартылды, 18 аула колонкаларды пайдаланады. Су мұнарасын ауыстыру талап етiледi.

Первомайское ауылында осы жылы бюджеттен бөлiнген 45 млн. 189481 теңге сомасында «Су құбыры мен 17 су таратушы колонканы орнату арқылы су құбыры желiсiн қайта құру» күрделi жөндеуден өттi.

Елдi-мекендердi абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары.

Елдi-мекендердi абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау айлығы барысында тұрғындармен 7 жиналыс, апта сайын экологиялық таза бейсембiлiктер мен сенбiлiктер өткiзiлдi.

Қоқыс және көң шығаруға барлығы 5 бiрлiк техника жұмылдырылды. Ағаштарды кесу мен ақтау жұмыстары жүргiзiлдi.

Новоандреевка ауылына дейiн негiзгi трассасының және Лесной Хутор ауылынан Первомай ауылына дейiн ұзындығы 15 км. қашықтықта грейдер бойындағы шөптi шабу жұмыстары жүргiзiлдi. Түлкүлi мен Первомай ауылдарының iшкi жолдарына шөптi шабу жұмыстары жүргiзiлдi.

Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау жұмыстары.

Автобус көлiгiнiң қозғалысы жүйелi түрде жүзеге асырылады.

Златополье ауылының жеке тасымалдаумен ЖК Слепышев айналысады.

Әлеуметтiк жауапкершiлiгi аясында ЖШС "Агрофирмасында Бурабай-2007" бизнестiң әлеуметтiк жобасын iске асыру бойынша, қыс мезгiлiнде жолдарды қардан таза ұстау туралы өзара ынтымақтастық меморандум жасалды.

Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты Сотниковка, Новоандреевка, Лесной Хутор, Түлкiлi ауылдарында тұратын оқушыларды бiлiм беру ұйымдарына дейiн және керi тегiн тасымалдау бойыша мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

Жылу беру маусымына дайындық.

2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысында

барлық әлеуметтiк объектiлердiң дайындығы тексерiлдi. Барлық объектiлер отын, көмiрмен қамтамасыз етiлген және жылу беру мезгiлге дайын.

2017 жылдың тамыз айында Первомайское ауылында жалпы бiлiм беру мектебiнде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп жұмсақ күркелi шатырын ауыстырылды, «Бурабай ауданының бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң тапсырыс берушiсi жергiлiктi бюджеттен 7 млн.180 мың теңге бөлiндi.

Жем-шөп дайындау.

Округ бойынша тұрғындар қосалқы шаруашылық үшiн жем-шөппен қамтамасыз етiлген, сондай-ақ барлық округi аумағында орналасқан шаруа қожалықтары жем-шөппен қамтамасыз етiлген.

Халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсету.

2017 жылы ауылдық округ бойынша үшiншi топтағы 2 мүгедек жұмысқа орналастырылды, мүгедектер есебiн жүргiзу және жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргiзiледi.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзу кезеңiнде Златополье, Сотниковка, Лесной Хутор, Новоандреевка, Түлкiлi ауылдарының 58 зейнеткерлер мен 6 мүгедектерге сомасы 152 мың теңге азық-түлiк жинақтары таратылды, ШК «Даниленко», ШК «Дастан», ЖК «Кабдуллина А, Курач В., Мандрик Е., Дегтярева Г., Новокшонова Т., ТажибаевК.» көмек көрсеттi.

"Андреев" ШК Савинка ауылының 21 зейнеткерiне қосалқы шаруашылығы үшiн 227500 теңге мөлшерiнде астық түсiрiп бердi.

Златополье, Савинка, Первомай, Түлкүлi ауылдарында қайырымдылық түскi астар берiлдi. Демеушiлiк көрсеткендер ЖШС «Агрофирма Бурабай-2007» бас директоры Тазабеков Д.К., шаруа қожалықтарының басшылары Жоламанов А.К., Андреев С.В., Бекенов Н., Жумабаев Т.С., және ЖК «Оразалина С.».

Златополье ауылының 23 жалғыз тұратын зейнеткерлерге әлеуметтiк қызметкер қызмет көрсетедi, Савинка ауылында 2 зейнеткерге, Новоандреевка ауылында 4 зейнеткерге қызмет көрсетедi.

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша" мемлекеттiк қызметке сәйкес, 12 науқастың ауруына байланысты және студеттiң оқуының ақысын төлеу үшiн бiр отбасыға материалдық көмек көрсетiлдi.

Бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыстар.

Апта сайын дүкендердегi әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргiзiледi. Жеке кәсiпкерлермен бағалардың көтерiлуiн болдырмау туралы әңгiмелер өткiзiледi.

Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша әрекеттестiк.

Златополье ауылында дәрiгерлiк амбулатория, жеке дәрiхана жұмыс iстейдi. Савинка, Первомай, Новоандреевка, Түлкiлi ауылдарында  — медициналық пункттер қызмет көрсетедi.

Дәрiгерлiк амбулаторияда 1 дәрiгер науқастарды қабылдауды жүзеге асырады, 14 орта медициналық қызметкерлер жұмыс iстейдi. Флюорографиялық тексеру маусым айында өткiзiлдi, ай сайын балалар профилактикалық тексеруден өтедi. Дәрiгерлiк амбулаторияның күндiзгi стационар жұмыс iстейдi және жедел жәрдем көлiгi бар.

Жобалау — сметалық құжаттамасы жасалған жұмыстар.

1. Златополье ауылында Пролетарская, Степная көшелерi жолдарына ағымдағы шұңқырлы жөндеу жүргiзу жұмыстарына сметалық құжаттама жасалынған.

2. Лесной Хутор, Первомайское ауылдарының грейдер жөндеуiне сметалық құжаттама жасалынған.

Мақалың шыққан күні: 05.01.2018 11:10
Жаңартылған күні: 05.01.2018 11:10
Қараулар: 329