Златополье ауылдық округінің әкімі С.С. Сипульдинның «Златополье ауылдық округінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға белгіленген мақсаттар туралы» есебі

Златополье ауылдық округi әкiмiнiң аппаратымен 2018 жылға белгiленген жұмыстар атқарылды: жеке және заңды тұлғалардың — 5 өтiнiшi қаралды, 55 нормативтiк-құқықтық актi қабылданды.70 нотариаттық әрекеттер жасалды. 47 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Көктемгi және күзгi шақырулар өткiзiлiп, ҚР ҚК 5 әскерге шақырылушылар жiберiлдi.

Ауыл тұрғындарымен жиылыс өткiзiлiп, аймақтағы тiршiлiк әрекеттiне қатысты сұрақтар талқыланды. Оның iшiнде мал жайылым орнын белгiлеп, сумен жабдықтау мәселесi және елдi мекендердiң саулетенуiне арналған сұрақтар талқыланды.

Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру.

«Даму бағдарламасының өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк» бiрiншi бағыты бойынша 4 адам қайта даярлау курсың өтiп,жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 6 адам кәсiпкерлiк негiзi қысқа мерзiмдi оқуын аяқтады,2 адам микрокредитке несиелiк өтiнiм бердi. Первомайск ауылында АӨК «Аблайхан 2018» ашылды.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты қысқарту.

2018 жылы 3 тұрақты жұмыс орны( «Қарлығаш» шағын орталығы) , 3 тұрақты жұмыс орны(ШЖҚМКК «Бурабай Су Арнасы» ) және «Агрофирма Бурабай 2007» ЖШС-i — 22 уақытша жұмыс орны берiлдi. . Округте еңбекке жарамды санаттағы 44 мүгедек, оның iшiнде жұмысқа орналасқаны — 3 адам.

Жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында округте ақылы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылды, 6( адам қамтылды).

Ауыл округi аумағының даму жобасы бойынша 2019 жылы Құмдыкөл жағасында жол бойындағы сервис құрылысы және сауықтыру орталығы жұмыс орындарымен жоспарланып отыр.

Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту.

Жоспарға сәйкес АШТӨ-нiң және басқа да жұмыс берушiлермен еңбек ақысын өсiру бойынша тұрақты түрде түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде, ескерiлмеген кәсiпорын қызметкерлерi анықталады, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрлесiп жергiлiктi салықтар бойынша түгендеу жүргiзiледi, заңсыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысатындар анықталады. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргiзiлуде және ҚБШ-ны толықтыру мәселесi ерекше бақылауда тұр.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету ең маңызды мәселелердiң бiрi.Златополье, Савинка ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықталған. Түлкiлi ауылы 4 су тарату колонкаларымен жабдықталған. Сотниковка ауылында сумен жабдықтау желiсiнiң ағымды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi,мұнаралы сорғыштар және жер астына 3 кубтық су сақтау қоймасы орнатылды.Аудан бюджетiнен 1 млн.950 мың теңге бөлiндi.

Елдi-мекендердi абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары.

Елдi-мекендердi абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау айлығы барысында тұрғындармен 7 жиналыс, апта сайын экологиялық таза бейсембiлiктер мен сенбiлiктер өткiзiлдi. Ағаштарды кесу мен ақтау жұмыстары жүргiзiлдi.Ауыл аралығындағы ұзындығы 20 км. қашықтықта грейдер бойындағы шөптi шабу жұмыстары жүргiзiлдi. Златополье, Первомай , Савинка,Лесной Хутор жолдарының түзету жұмыстары жүргiзiлдi.

Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау жұмыстары.

Автобус көлiгiнiң қозғалысы жүйелi түрде жүзеге асырылады.Златополье ауылының жеке тасымалдаумен ЖК Слепышев айналысады.Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты Златополье, Савинка, Сотниковка, Новоандреевка, Лесной Хутор, Түлкiлi ауылдарында тұратын оқушыларды бiлiм беру ұйымдарына дейiн және керi тегiн тасымалдау бойыша мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

Жылу беру маусымына дайындық.

2018-2019 жылының жылу беру маусымына дайындық барысында барлық әлеуметтiк объектiлердiң дайындығы тексерiлдi. Барлық объектiлер отын, көмiрмен қамтамасыз етiлген және жылу беру мезгiлi уақытылы басталды.

Халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсету.

2018 жылы ауылдық округ бойынша 3 мүгедек жұмысқа орналастырылды, мүгедектер есебiн жүргiзу және жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргiзiледi.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзу кезеңiнде Златополье, Сотниковка, Лесной Хутор, Новоандреевка, Түлкiлi ауылдарының 33 зейнеткерлер мен 10 мүгедектерге сомасы 86 мың теңге азық-түлiк жинақтары таратылды, ШК «Даниленко», ШК «Дастан», ЖК «Кабдуллина А.», Курач В.», «Мандрик Е»., «Дегтярева Г.», «Новокшонова Т.», «ТажибаевК.» көмек көрсеттi.

"Андреев" ШК Савинка ауылының 30зейнеткерiне қосалқы шаруашылығы үшiн 225 мың теңге мөлшерiнде астық түсiрiп бердi.

Златополье, Савинка, Первомай, Түлкүлi ауылдарында қайырымдылық түскi астар берiлдi. Демеушiлiк көрсеткендер АШМ «Златополье», АШМ «Первомайское», шаруа қожалықтарының басшылары Жоламанов А.К., Андреев С.В., Бекенов Н., Жумабаев Т.С..

Златополье ауылының 21 жалғыз тұратын зейнеткерлерге әлеуметтiк қызметкер қызмет көрсетедi, Савинка ауылында 2 зейнеткерге, Новоандреевка ауылында 3 зейнеткерге қызмет көрсетедi.

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша" мемлекеттiк қызметке сәйкес, 5 науқастың ауруына байланысты материалдық көмек көрсетiлдi.

Бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыстар.

Апта сайын дүкендердегi әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргiзiледi. Жеке кәсiпкерлермен бағалардың көтерiлуiн болдырмау туралы әңгiмелер өткiзiледi.

Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша әрекеттестiк.

Златополье ауылында дәрiгерлiк амбулатория, жеке дәрiхана жұмыс iстейдi. Савинка, Первомай, Новоандреевка, Түлкiлi ауылдарында — медициналық пункттер қызмет көрсетедi.

Дәрiгерлiк амбулаторияның күндiзгi стационар жұмыс iстейдi және жедел жәрдем көлiгi бар.Бүгiнгi таңда ең маңызды мәселе- терапевт-дәрiгерiнiң болмауы.

Златополье ауылының дәрiгерлiк амбулаториясында сумен жабдықтау желiсiн және канализациясын ауыстыру жұмытары жүргiзiлiп,жаңа сантехникалық жабдықтар алынды, 80 литрлiк «Аристон» орнатылды. Демеушiлiк көмек көрсеткен шаруашылық қожалықтары: А.Жоламанов, Н.Бекенбаев, Т.Сердалин, Н.Бекенов, ЖШС «Хищник» Метиогло В..

Жобала-сметалық құжаттамасы жасалған жұмыстар.

1. Златополье ауылында Пролетарская, Степная көшелерi жолдарына ағымды шұңқырларды жөндеу жүргiзу жұмыстарына сметалық құжаттама жасалды.

2. Лесной Хутор, Первомайское ауылдарының грейдер жөндеуiне сметалық құжаттама жасалды.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:31Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:31Қараулар: 778

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Сіз Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан қонақ үйлер мен отельдердің объектілерінде қызмет көрсету деңгейімен қанағаттанасыз ба?

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54