Златополье ауылдық округінің әкімі С.С. Сипульдиннің «Златополье ауылдық округінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Златополье ауылдық округi әкiмiнiң аппаратымен 2019 жылға белгiленген жұмыстар атқарылды: жеке және заңды тұлғалардың 11 өтiнiшi қаралды, 50 нормативтiк-құқықтық актi қабылданды.42 нотариаттық әрекет жасалды. 24 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Көктемгi және күзгi шақырулар бойынша жұмыс жүргiзiлдi, 9 әскерге шақырылушы ҚР ҚК әскери борышын өтеуде.

Ауыл тұрғындарымен жиылыстар өткiзiлдi, оларда ауылдық округ тұрғындарының тiршiлiк әрекеттiне қатысты, атап айтқанда мал жаю, елдi мекендердi абаттандыру мәселелер бойынша және ағымдағы мәселелер қаралды.

Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру.

Златаполье ауылындағы «Кулагнанов» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 35 бас ангус еттi тұқымды IММ, сондай-ақ МТЗ-82 және ауылшаруашылығы жабдығын сатып алды.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты қысқарту.

2019 жылы 5 тұрақты жұмыс орны («ҚайсарБ» ЖШС — 1, «Береке» ШҚ- 1, «Л.В. Быкова» ЖК- 3), 29 уақытша жұмыс орны құрылды («Агрофирма Бурабай-2007» ЖШС).

Жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында округте ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, оған 4 адам қатысты.

2020 жылы ауылдық округтiң аумағын дамыту жобасы бойынша Құмдыкөл көлiнiң жанында 20 жұмыс орнын ашумен жол бойындағы сервис салу жоспарланып отыр.

Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салу базаны кеңейту.

Жоспарға сәйкес АШТӨ-мен және басқа да жұмыс берушiлермен еңбекақыны өсiру бойынша түсiндiру жұмыстары тұрақты түрде жүргiзiлуде, ескерiлмеген кәсiпорын қызметкерлерi анықталады, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрлесiп жергiлiктi салықтар бойынша бересiлердi анықтау және оларды өтету бойынша жұмыс жүргiзiледi.

Златополье, Савинка, Обалы, Сотниковка ауылдарында сумен жабдықтау орталықтандырылған. Түлкiлi ауылында тұрғындар 4 су бөлiнентiн мұнарадан жабдықталады.

Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары.

Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау айлығы кезеңiнде тұрғындармен 7 жиналыс, апта сайын экологиялық таза бейсембiлiктер мен сенбiлiктер өткiзiлдi. Ағаштарды кесу мен ақтау жұмыстары жүргiзiлдi. Ауыл аралығындағы ұзындығы 20 км. жол бойындағы шөптi шабу жұмыстары жүргiзiлдi.Златополье, Обалы , Савинка, Лесной Хутор жолдарына сеппе және автогрейдерлеу жұмыстары жүргiзiлдi.

2019 жылдың мамаырында жалпы сомасы 1 млн. 400 мың теңгеге Златополье ауылына балалар ойын алаңы орнатылды.

Златаполье ауылында Садовая және Центральная көшелерiнде және Первомай ауылында Ыбырай Алтынсарин көшесiнде электр желiлерiн салу, сондай-ақ Обалы және Савинка ауылдарында балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр.

Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды мектепке тасымалдау жұмыстары.

Автобус көлiгiнiң қозғалысы жүйелi түрде жүзеге асырылады. Златополье ауылында жеке тасымалдаумен «Слепышев» ЖК айналысады.

Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты Златополье, Савинка, Сотниковка, Новоандреевка, Лесной Хутор, Түлкiлi ауылдарында тұратын оқушыларды бiлiм беру ұйымдарына дейiн және керi үйлерiне тегiн тасымалдау бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетедi.

2019 жылы мердiгер «Еңбек» ЖШС-мен Савинка негiзгi мектебiне 4 млн. 200 мың теңге сомасына төбе жабыны мен шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Сол мердiгермен 3 млн. 645 теңге сомасына терезелердi iшiнара ауыстырумен Обалы орта мектебiне ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

Мердiгер ұйым «Казахдорстрой» ЖШС-мен Златаполье ауылында Садовая көшесiнiң бойындағы ұзындығы 2,8 км. жол қалпына келтiрiлдi және асфальт төселдi.

Жылу беру маусымына дайындық.

2019-2020 жылдарың жаңа жылу беру маусымына дайындау аясында әлеуметтiк сала объектiлерiнiң дайындығы тексерiлдi. Барлық объектiлер отынмен қамтамасыз етiлдi және жылу беру маусымын уақытында бастады.

Мүгедектерге және халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына көмек көрсету.

2019 жылы ауылдық округ бойынша 1 мүгедек жұмысқа орналастырылды, оларды есееке алу және жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзу кезеңiнде Златополье, Сотниковка, Лесной Хутор, Новоандреевка, Түлкiлi ауылдарының 49 зейнеткерi мен 4 мүгедегiне сомасы 159 мың теңгеге азық-түлiк жинақтары таратылды, азық-түлiк жинақтарын сатып алуға «Даниленко» ШҚ, А. Кабдуллина, В.Курач, Е. Мандрик, Т. Новокшонова, К.Тәжiбаев, Т. Сердалин, В. Куценко ЖК және т.б. көмек көрсеттi.

«Андреев» шаруа қожалығы Савинка ауылының 23 зейнеткерiне 253 мың теңге сомасына астық қалдықтарын апарып бердi.

Златополье, Савинка, Обалы, Түлкүлi ауылдарында қайырымдылық түскi астар берiлдi, «Агрофирма «Бурабай-2007» ЖШС Д.К. Тазабеков тұлғасында, шаруа қожалықтарының басшылары Н. Бекенов, А. Жоламанов, С.В. Андреев, Т.С. Жұмабаев демеушiлiк көрсеттi.

Златополье ауылында 21 жалғыз тұратын зейнеткерлерге әлеуметтiк қызметшi қызмет көрсетедi, Савинка ауылында 1 зейнеткерге, Новоандреевка ауылында 1 зейнеткерге.

«Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке сәйкес ауруына байланысты 11 тұлғаға материалдық көмек көрсетiлдi.

Бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыс.

Апта сайын дүкендердегi әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргiзiледi. Жеке кәсiпкерлермен бағалардың негiзсiз көтерiлуiне жол бермеу туралы әңгiмелесулер өткiзiледi.

Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Златополье ауылында дәрiгерлiк амбулатория жұмыс iстейдi.

Савинка, Обалы, Новоандреевка, Түлкiлi ауылдарында медициналық пункттер бар.

Дәрiгерлiк амбулаторияның жанында күндiзгi стационар жұмыс iстейдi және жедел жәрдем машинасы бар.Бүгiнгi таңда ең маңызды мәселе терапевт-дәрiгердiң болмауы.

Келешекке жобала-сметалық құжаттама әзiрлеу.

1. Златополье ауылының Зеленая, Интернациональная, Рабочая көшелерiнiң бойындағы суқұбыры желiлерiн жөндеуге ЖСҚ бар, жұмыс ұзындығы 3-км.

Жалпы сомасы 15 млн. теңгеге бюджеттiк өтiнiм берiлдi.

Мақалың шыққан күні: 30.12.2019 16:01Жаңартылған күні: 30.12.2019 16:01Қараулар: 70

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қаңтар, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77