«Бурабай кентінің 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттер туралы» Бурабай кентінің әкімі Т. Б. Амантаевтің есебі

Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi, терең және қарқынды өзгерiстер дәуiрi: технологиялық, экономикалық және әлеуметтiк» атты Жолдау аясында 10 басты мiндеттi айқындады: Өндiрiстiк процестердi цифрландыру және қазiргi заманғы бизнес-модельдердi игеру арқылы еңбек өнiмдiлiгiнiң деңгейiн арттыру, ресурстық әлеуеттi пайдаланудың тиiмдiлiгiн жақсарту, агроөнеркәсiптiк кешендi арттыру, көлiк пен логикалық инфрақұрылымды дамыту, құрылыс пен ТҮКШ жаңа технологияларды қолдану, қаржы секторын жаңа форматқа шығару, бiлiм беру және медициналық қызмет көрсетудiң жаңа сапасын енгiзу, тиiмдi мемлекеттiк басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, «Смарт Сити» технологияларын енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк мәселелердi шешу, халықты жұмысқа орналастыру, шағын және орта бизнестi қолдау жөнiндегi мiндеттер, елдi мекендердi абаттандыру мәселелерi өзгерiссiз қалып отыр.

Бурабай кентi әкiмiнiң аппараты 2018 жылдың 12 айында белгiлi бiр жұмыстарды атқарды: жеке қабылдауда — 35 азамат қабылданды, жеке және заңды тұлғалардың — 165 өтiнiшi қаралды, 271 нормативтiк-құқықтық актi қабылданды. 131 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ұсынылды. 475 әскери мiндеттi, 140 әскерге шақырылушы есепте тұр. 2018 жылдың күзiнде 4 жасөспiрiм әскери қызметке шақырылды.

Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру.

«2017-2021 жұмыспен нәтижелi қамтуға және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты аясында Қаржылай қолдау қорымен М.Б. Шаймерденовтың жобасы мақұлданды, қарыздың сомасы 4 млн. тг. құрайды, қаражат бiр жұмыс орнын ашумен 2018 жылғы ақпан айында Бурабай кентiнде жылыжай шаруашылығын ашуға бағытталды. Қазiргi уақытта жылыжай шаруашылығында өсiрiлген өнiм кенттiң дүкендерi мен жақын маңдағы елдi мекендерге жеткiзiледi.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту.

Кентте 272 мүгедек тұрады, оның iшiнде 18 бала. Еңбекке жарамды санаттағысы 144 адам, оның iшiнде жұмыс iстейтiндер 45 адам, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар саны-5 адам, денсаулық жағдайы бойынша еңбекке жарамсыздар -110 адам.

Жұмысқа орналасу мәселесiмен 15 адам жүгiндi, 15 жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 10 адамды тартумен кентте ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлдi.

2018 жылы Бурабай кентiнде 81 жұмыс орны құрылды. Салалық мамандандыруды есепке алғанда, Бурабай кентiне жазғы кезеңде туристiк бизнестiң дамуының жоғары деңгейi тән. Осыған байланысты жеке кәсiпкерлер150-ден астам жұмыс орнын ұйымдастырады.

Жер қатынастарын реттеу.

Бурабай кентi әкiмiнiң аппараты жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерiн алу үшiн кезекке қоюды жүргiзедi. Жер учаскелерiн алу кезегiнде барлығы 351 өтiнiш берушi тұр.

Сондай-ақ, нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын жер учаскелерiн анықтау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ-мен бiрлесiп 9 актi жасалды және «ММ-не жiберiлдi.Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы»

Салықтар мене басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салу базасын кеңейту.

2018 жылдың 12 айында салықтардың 6 түрi бойынша түсiмдердiң жалпы сомасы 60 764,3 теңгенi құрады, оның iшiнде:

- төлем көздерiнен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы-42 888,3 мың теңгенi құрады;

- жеке тұлғалардан мүлiк салығы — 863,3 мың теңге;

- жеке тұлғалардан жер салығы — 2 824,6мың теңге;

- жарнамаларды орналастыру — 312,6 мың теңге;

- заңды тұлғалардан көлiк салығы — 2 465,9 мың теңге;

- жеке тұлғалардан көлiк салығы — 8607,6 мың теңге.

Жергiлiктi қауымдастықпен өзара iс-қимыл.

2018 жылы жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 123 259,3 мың теңге түстi.

Қолма-қол ақшаны бақылау шотына жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлiнген алабындағы жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiне, жайлардан тыс ашық кеңiстiкте сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн ақшалай қаражаттар, айыппұлдар, сондай-ақ елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандырудан, жарықтандыру мен санитарлық тазалаудан трансферттер түседi.

Халықты сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс.

Бурабай кентi мен Оқжетпес ауылында Сергеев су қоймасынан орталықтандырылған сумен жабдықтау ("Қазсушар "Ақмола филиалы" РМҚК). Су құбыры желiлерiнiң ұзындығы 38 км.орталықтандырылған сумен жабдықтауға -1879 абонент, орталықсыздандыруға — 376 абонент қосылған. Сарыбұлақ ауылы су алу көзi ұңғымалар болып табылады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаржысын жұмсау.

Қолма-қол қаражаттың бақылау шотына түскен қаржы жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмi бойынша келесiдей жұмсалды:

- Бурабай кентiнiң көшелерiн жарықтандырудың электр беру желiлерiне техникалық қызмет көрсету — 847,0 мың теңге;

- Бурабай кентiн санитарлық тазалау қызмет көрсетулерi — 7 158,0 мың тг.;

- Бурабай кентiнiң автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету — 3 100,0 мың теңге.";

Абаттандыру бағдарламасы бойынша қаражат бөлiндi:

- ақпараттық тақырыппен кентте баннерлер дайындау және орнату — 472,500 теңге;

- Бурабай кентiнде гүлдер отырғызу;

- «I LOVE BYRABAY» шағын сәулеттiк нысанын қайта жаңарту -240,0 мың теңге;

- Кенесары көшесiнiң бойында «Айналма жол айрығы- «Алем+» мейманханасы» автожолының учаскесiнде мерекелiк дюралайт орнату бойынша қызметтер.

Тұрғындарды сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс.

Бурабай кентi мен Оқжетпес ауылында Сергеев су қоймасынан орталықтандырылған сумен жабдықтау ( «Қазсушар» Ақмола филиалы» РМҚК). Суқұбыры желiлерiнiң жалпы ұзындығы 38 км. Орталықтандырылған сумен қамтуға қосылды -1879 абонент, орталықтандырылмағанға — 376 абонент. Сарыбұлақ ауылында су алу көзi ұңғымалар болып табылады.

Кенттi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыс.

«Бурабай ауданының Бурабай кентi әкiмiнiң аппараты» ММ жұмысының басым бағыттарының бiрi кент аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау болып табылады.

2018 жылдың 12 айында Бурабай кентiнде нақты жұмыстар атқарылды:

- Бурабай кентiнiң Кенесары көшесiнде биiктiгi 3 м. 400 данадан астам қылқан жапырақты ағаш отырғызылды;

- жарықтандыру, орындықтар мен урналар орнатылып, жағажай ауданында автомобиль өткелiмен желекжол және жаяу жүргiншiлер жолы жайластырылды;

- Бурабай кентiнiң орталық алаңын абаттандыру жүргiзiлдi:

кеспе тас төселдi, гүлдерге арналған вазондар орнатылды, бiрыңғай сәулеттiк стильде орындалған "streetfood" тамақтану пункттерi орналастырылды;

- туристер көп жиналатын жерлерде (алаң және орталық жағажай ауданы) 2 модульдiк дәретхана және Бурабай көлiнiң жағалау аймағында 20 биотуалет орнатылды, оларды тегiн негiзде барлық туристер, оның iшiнде мүмкiндiктерi шектеулi адамдар пайдалана алады;

- Бурабай кентiне кiре берiсте жарық түсiретiн «I loveBurabay» жазуы орнатылды;

- Кенесары көшесiнде 4 дана "I love Burabay" деген жазу түрiнде шағын сәулеттiк нысандар орнатылды;

- қызмет көрсету саласы және жалпы пайдалану объектiлерiнiң көрсеткiштерi-ақпараттық тақталары орнатылды;

 — квадроциклдердi жалға алу қауiпсiз аймаққа шығарылды (Бурабай кентiнiң шетiне);

- сондай-ақ, 2018 жылы Бурабай кентiнде Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептiң аумағында кешендi спорттық және балалар ойын-сауық алаңының салу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.. Осы жобаның тапсырыс берушiсi — «Samruk-Kazyna» болып табылады.

2018 жылдың 12 айында 32 сенбiлiк, 15 таза бейсенбi өткiзiлдi, жазғы кезеңде күн сайын 1 тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылды.

Кент жолдары мен аяқжолдарының бойындағы шөптердi шабу тұрақты негiзде жүргiзiлдi.

Кент әкiмiнiң аппараты "Эко Сервис Бурабай" ЖШС-мен бiрлесiп ҚТҚ бөлек жинау жүйесiн түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында облыстық бюджеттен Бурабай көлiнде үш төбешiкпен, қар лабиринтпен және фигуралармен, коньки мен плюшкаларды жалға алу пунктiмен жасақталған қар қалашығының салуға 19,0 млн.теңге сомасында қаржы бөлдi.

Жылу беру маусымына дайындық.

Бурабай кентi мен Оқжетпес ауылын жылумен жабдықтаудың сапалы қызмет көрсетуiмен қамтамасыз ету мақсатында 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымында Бурабай кентiнiң аумағында автономды режимде газ-мазуттық қазандық жұмыс iстейдi, оған кенттiң барлық әлеуметтiк объектiлерi, 56 көппәтерлi үй, оның iшiнде Оқжетпес ауылының 13 үйi қосылған. Барлығы қосылған: абоненттер -1486; үйлер -198, оның iшiнде: бес қабатты — 17, төрт қабатты — 1, екi қабатты — 30, коттедждер — 46, жеке үйлер -53. Инженерлiк желiлердi жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

Жол желiсiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды мектепке дейiн тасымалдау бойынша жұмыс.

Автобус көлiгiнiң қозғалысы Щучинск қаласынан Бурабай кентi мен Оқжетпес ауылына 40 минут аралықпен жүйелi түрде жүзеге асырылады.

Әкiм аппараты «Оқжетпес селосы мен Бурабай кентiнде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну»мемлекеттiк қызметiн көрсетедi.

Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс.

Кенттiң 5 дүкенiнде (Плаза, Смак, Әдiл, Шаңырақ, Кеңес және КО) әлеуметтiк сөрелер бар, оларда нарықтағыдан 5-10%-ға төмен бағамен 19 тауар түрiне дейiн орналастырылған. Сондай-ақ 80 теңге бағамен әлеуметтiк нан сатылады. Апта сайын ең қажеттi тауарларға бағаның негiзсiз көтерiлуiне жол бермеу мақсатында бағалардың мониторингiсiн жүргiзiледi.

Денсаулық сақтау.

Медициналық қызмет Бурабай кентiнiң дәрiгерлiк амбулаториясынан, Оқжетпес және Сарыбұлақ ауылдарының медициналық қызмет көрсету пункттерiнен тұрады.

Бурабай кентiнiң дәрiгерлiк амбулаториясы 2018 жылы 11093 адамға қызмет көрсеттi, өлiм-жiтiм — 31 адамды, туу — 49 баланы құрды, нәресте өлiм-жiтiмi жоқ.

2018 жылдың бiрiншi жарты жылдығында онкологиялық аурулардың 1-2 дәрежелi 6 жаңа жағдайы анықталды, оның iшiнде 1 адам қайтыс болды, 1 адам көшiп кеттi, қалған 4 адам емдеу курсынан өтуде.

Елбасының алдағы кезеңге арналған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Бурабай кентi әкiмiнiң аппараты өз алдына келесi мiндеттердi қояды:

- мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру;

- жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекке жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру;

- елдi мекендердi көгалдандыру және абаттандыру;

- бiлiм беру және денсаулық сақтау мекемелерiн қазiргi заманғы жабдықтармен жабдықтау.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:39
Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:39
Қараулар: 451