Пластмасса қалдықтары туралы жадынама

Пластик өндiрiсiнен бастап кәдеге жаратылғанға дейiн қоршаған ортаға елеулi зиян келтiредi. Пластикалық өнiмдердi шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейiн көмiрқышқыл газын шығарады және бүгiнде жануарлардың шамамен 800-дей түрiнiң пластиктi жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупi төнiп тұр.

Бiр реттiк қалталар қаланың кәрiз жүйесiн толтырып тастайды және су басу қаупiн тудырады, пластмасса қоқыстар, туризм саласына зиян келтiре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды.

Пластиктiң екi жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгiлi. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзiнен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктiң ұсақ түйiршiктерi және оның химиялық заттары ең жақын су көздерiне түседi, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледi.

ТҚҚ үйiндiлерiнiң полигондары үнемi пластмассаның әр түрiмен толтырылып тасталған. Бұл қоқыстарда пластиктiң биодеградациясын жеделдететiн көптеген микроорганизмдер бар. Биоыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлiнiп шығады, бұл атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөлiп шығаратын өте күштi парниктiк газ болып табылады.

Пластмассалар құрамында пластиктiң түрiне байланысты көптеген химиялық заттардың түрлерi болады. Пластмассаның жан-жақты қолданылуының негiзгi себептерiнiң бiрден-бiрi құрамына химиялық қосылуы болып табылады. Пластмасса өндiрiсiнде пайдаланылатын кейбiр химиялық заттар адамдардың тамақ тiзбегiнiң нәтижесiнде жұтылу қаупiн тудырады.

Сондай-ақ, пластикалық ластанудың әсерiнен жануарлардың да улану қаупi бар, бұл өз кезегiнде адамға азық-түлiк өнiмдерiн жеткiзу барысына кедергi келтiруi мүмкiн.

Өркениеттiң заманауи игiлiктерi көбiнесе адамдар үшiн жайлылық жаратып қана қоймай, табиғатқа орны толмас залал келтiредi. Тек соңғы 10 жылда ғана әлемде өткен ғасырмен салыстырғанда пластикалық өнiмдер көп өндiрiлдi.

Бiр реттiк ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлi ыдыстар — бiз күнделiктi «өндiретiн» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түрлерiне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнiң тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделген және адам өмiрiнде және тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР экологиялық кодексiнiң 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түстi және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгiзiлдi.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.

Бiздiң Щучинск қаламыздың тұрғындары үшiн пластик қалдықтарды бөлек жинауға арналған торлы контейнерлер және құрамында сынап бар пайдаланылған шамдар үшiн арна йы контейнерлер қарастырылған.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАУIПСIЗ ЖӘНЕ ТАЗА ЕТУ БIЗДIҢ ҚОЛЫМЫЗДА!

Мақалың шыққан күні: 14.02.2019 15:31Жаңартылған күні: 14.02.2019 15:31Қараулар: 1187

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Сіз Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан қонақ үйлер мен отельдердің объектілерінде қызмет көрсету деңгейімен қанағаттанасыз ба?

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54