Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша сұрақтарына жаднама

Ақмола облысы, 2018 жыл

Аударымдар мен жарналарды қалай төлеймiз?

Жұмыс берушiлер — өзгерiссiз. Жұмыс берушiлер үшiн МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшерi өзгермейдi: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап — 2%. Қарамағында жалдамалы жұмыскерлерi бар жеке кәсiпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелерi жарнаны осы тәртiп бойынша төлейдi.

Жеке кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсiби медиаторлар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейiн босатылады. Жеке кәсiпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретiнде өзi үшiн жарна аудармайды, бiрақ қарамағындағы қызметкерлер үшiн жұмыс берушi ретiнде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап — 2%).

Жеке тұлғалар — жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейiн босатылады. Азаматтық-құқықтық келiсiмшарт негiзiнде табыс табатын тұлғалар төлейтiн жарна мөлшерi төмендетiлдi. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемiнде жарна төлейдi. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

Жұмыс берушiлер жалдамалы жұмыскерлердiң жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

Шетелдiктерге медициналық көмектi көрсету тәртiбi

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi» Кодексiнiң 88-бабы 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде алуға құқығы бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда көрсетiлген тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (емханаға) еркiн түрде тiркелуге жiне медициналық қызметтердi алуға құқығы бар.

Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағыларға қауiп төндiретiн қатты аурулары болған кезде уәкiлеттi орган айқындайтын тiзбеге сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға құқығы бар.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық көмектi ұсыну тәртiбi

I.ТМККК шеңберiндегiбарлық азаматтар үшiн медициналық көмек:

•жедел медициналық көмек және санитарлық авиация;

•алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

•жедел стационарды алмастыратын медициналық көмек;

•жедел стационарлық медициналық көмек;

•паллиативтiк көмек.

Әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен негiзгi созылмалы аурулар бойынша:

1)консультациялық-диагностикалық көмек;

2)амбулаториялық дәрi-дәмекпен қамтамасыз ету;

3)жоспарлық стационарлық және стационарды алмастыратын көмек;

4)туберкулез ауруы бойынша медициналық оңалту.

II.Сақтандырылған азаматтар үшiн МӘМС пакетi

1.консультациялық-диагностикалық көмек;

2.ТМККК тыс аурулар бойынша амбулаториялық дәрi-дәмекпен қамтамасыз ету;

3.ТМККК тыс аурулар бойынша стационарды алмастыратын көмек;

4.ТМККК тыс аурулар бойынша жоспарлық стационарлық көмек;

5.Профиль бойынша ересектер мен балаларға арналған медициналық оңалту: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология и ортопедия.

Қандай басымдылықты сақтандырылған азаматтар МӘМС ала алады?

1.Азаматтардың медицинаға арналған жеке шығындарының азаю

2.Медициналық көмектiң тиiмдiлiгi және сапалығы

3.МӘМС пакетi сомаға шектелмейдi және жарнаға тауелдi емес

4.Жоғарытехнологиялық оталар МӘМС пакетiне кiредi

5.Қымбат тұратын диагностикалық қызметтер (КТ, МРТ және т.б.) МӘМС пакетiне кiредi

6.Дәрiгердi ерiктi таңдау

7.Жеке меншiк емдеу мекемелерiнде тегiн турде медициналық қызметтердi алуға болады

Медициналық қызметтердi көрсету

"Медициналық көрсетiлетiн қызметтердi тұтынушы ретiнде мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiне қатысуы туралы анықтамалар беру" мемлекеттiк қызметi Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорымен енгiзiлдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету өтiнiшiн қабылдау және оның нәтижесiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

МӘМС-ға арналған артық және қателiкпен төленген

жарналарды/аударымдарды қайтару тәртiбi

1."Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамының «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствааралық есептеу орталығы» Департаментiне жүгiну қажет;

2.Ақшаны қайтару үшiн растаушы құжаттардың қосымшасымен орнатылған түрде арызды толтыру қажет;

3.Мемлекеттiк корпорациясы 5 операциялық күннiң iшiнде есепке алынған деректi тексередi, сонан соң арыз «МӘМС» КЕАҚ жiберiледi;

4.Қордың арызды қарастыру мерзiмi — 7 операциялық күн.

Кiм жарналарды төлеуден босатылады?

1) балалар;

2) жұмыссыз ретiнде тiркелген адамдар;

3) жұмыс iстемейтiн жүктi әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейiн оны (оларды) iс жүзiнде тәрбиелеп отырған жұмыс iстемейтiн адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейiн оның (олардың) күтiмiне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек балаға күтiм жасауды жүзеге асыратын жұмыс iстемейтiн адамдар;

7) зейнетақы төлемдерiн алушылар, оның iшiнде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесiнiң мекемелерiнде (қауiпсiздiгi барынша төмен мекемелердi қоспағанда) сот үкiмi бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс iстемейтiн оралмандар;

11) "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алып жатқан адамдар;

14) оқу аяқталған айдан кейiнгi күнтiзбелiк үш ай iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшiн Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалатын тәртiппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күнi iшiнде төленедi.

«Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы
Халықты ақпараттандыру және өтiнiштердi
қарастыру бөлiмi
Анықтама телефоны: 91-18-03

Мақалың шыққан күні: 15.08.2018 09:44
Жаңартылған күні: 15.08.2018 09:44
Қараулар: 864