Тасқын туындаған жағдайға Бурабай ауданының тұрғындарына арналған жаднама

Үнемi тасқын ере жүретiн көктем келе жатыр. Гидрометеорологи бойынша мемлекеттiк комитеттiң болжамы бойынша ағымдағы жылы өзендердiң мұзы жарылып сең жүруi наурыздың екiншi жартысына-сәуiрдiң басына күтiледi. Көктемгi су тасудың су деңгейiнiң максимал мәнi орташа көп жылдық мөлшер шамасында болады. Су қоймаларына судың көктемгi ағып келуi де норма шегiнде күтiлуде.

Өзендердiң көпшiлiгiндегi су өзен алқабына шығады, өзендердiң алқабы учаскелерiндегi ауыл шаруашылығы жайылымдарын су басатын болады. Сонымен бiрге, тасқын жағдайының қалыпты дамуы кезiнде де республиканың халқы мен ауыл шаруашылығы айтарлықтай залалға ұшырайды.

Су басуға қарсы тұру, өзiн, өзiнiң және қоғамның мүлкiн аман алып қалу үшiн айтарлықтай қаржылық шығындарды қажет етпейтiн тәсiлдердi қолдануға болады. Мыналар олардың бiрi:

- материалдық құнды заттарды жертөледен және бiрiншi қабаттың жайларынан уақытында жоғары көтеру;

- жануарларды құтқару, сиырларды саууды ұйымдастыру (емшектiң қабынуынан өнiмдiлiгiн жоғалтпау үшiн);

- алыс жерлердегi дайындалған азықты әкету;

- улы химикаттарды уақытында эвакуациялау, олардың суаттарға түсуiне жол бермеу;

- егiстiк пен топырақты құнарлы қабаттың шайылып кетуiнен сақтап қалу су атызын қазу арқылы танаптан суды қарқынды қашыртудан тұрады;

- құтқару жұмыстарын жүргiзуде су астындағы жертөлелер, шұңқырлар, ұралар және т.б. кез келген техника үшiн тұзақ болады, автотартпақтарды, бульдозерлердi, тракторлар мен басқа көлiктiк-техникалық құралдарды тек қосарланған (тiркелген) жағдайда қолдану қажет;

- құтқару командаларын жолға жердi жақсы бiлетiн жолбасшылармен жiберу керек;

- егер су қоймасына бұзылу қауiпi төнген жағдайда шұғыл бұрма арна қазу және су қомасындағы судың бiр бөлiгiн бұрып жiберу керек;

- адамдарды құтқару үшiн жүзу құралы ретiнде қапқа салынған, пластмассадан жасалған бос су бөтелкелерi, автомобиль шиналарының камералары, қайықтар және т.б. ұсынылады;

- егер сiздi су қапыда басса да безек қақпау және сабырлықты жоғалтпау керек, шұғыл өз өмiрiңiздi және адамдардың өмiрiн құтқаруға кiрiсу керек;

-су тасқыны кезеңiнде қоғамдық және жеке қауiпсiздiк шараларын сақтаңыздар.

Мақалың шыққан күні: 31.10.2018 15:42
Жаңартылған күні: 31.10.2018 15:42
Қараулар: 1432