Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi аудан әкiмдiгi) әкiмдiк және аудан әкiмi қызметi саласында басшылықты iске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес iске асырады.

3. Аудан әкiмiнiң аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Аудан әкiмiнiң аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Аудан әкiмiнiң аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Аудан әкiмiнiң аппараты өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен аудан әкiмiнiң аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Аудан әкiмiнiң аппаратының құрылымы мен штат санының

лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның мекен-жайы: 021700, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi, 32.

9. Аудан әкiмi аппаратының мемлекеттiк тiлдегi толық атауы — «Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi, орыс тiлiндегi толық атауы — государственное учреждение «Аппарат акима Бурабайского района»

10. Осы Ереже аудан әкiмi аппаратының құрылтайшы құжаты болып табылады.

11. Аудан әкiмi аппаратының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Аудан әкiмiнiң аппаратына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен аудан әкiмi аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi

орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер аудан әкiмiнiң аппаратына заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай ќызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Аудан әкiмi аппаратының миссиясы:

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшiн қолайлы өмiрлiк жағдай жасауда мемлекеттiк саясатты жүргiзуге мүмкiндiк туғызатын әкiмдiк пен аудан әкiмiнiң қызметiн ұйымдастырулық-құқықтық, ақпараттық-аналитикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

14. Аудан әкiмi аппаратының мiндеттерi:

1) әкiмдiк пен аудан әкiмiнiң қызметiн ұйымдастырулық-құқықтық қамтамасыз ету;

2) әкiмдiк пен аудан әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;

3) әкiмдiк пен аудан әкiмiнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

15. Аудан әкiмi аппаратының функциялары:

ауданның әлеуметтiк-экономикалық мәселелерiне талдау жасау;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару құрылымын әзiрлеу;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды жетiлдiру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын жетiлдiру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Бурабай ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасын iске асыру;

Щучинск қаласының, Бурабай кентiнiң, селолық және ауылдық округтер әкiмдерiнiң және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтерiн үйлестiру, олардың жұмыстарын жетiлдiру;

аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бағыттары бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру;

ауданның iшкi саясатындағы және әлеметтiк саласындағы қызметтi үйлестiру;

бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бойынша қызметтi ұйымдастыру;

гендерлiк саясатты iске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

ведомствоаралық мәселелер бойынша, оның iшiнде аудан аумағында қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында, төтенше жағдайлардың профилактикасында, сондай-ақ аудан аумағында төтенше жағдайлардың зардаптарын барынша азайтуда және (немесе) жоюда құқық қорғау органдарын үйлестiру мен әрекеттестiктi ұйымдастыру;

сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастыру, Щучинск қаласының, Бурабай кентiнiң, селолық және ауылдық округтер әкiмдерiмен және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қолданылып жатқан шараларды талдауды жүргiзу;

аудан әкiмiнiң қатысуымен iс-шаралар, аудан әкiмдiгiнiң отырыстарын ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң заңнамалық және заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн, тапсырмаларын, облыс әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерiн, өкiмдерiн, тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және орындалуын бақылауды iске асыру;

аудан әкiмiнiң тұрғындармен есеп беру кездесулерiн өткiзудi ұйымдастыру;

Щучинск қаласының, Бурабай кентiнiң, селолық және ауылдық округтер әкiмдерiнiң тұрғындармен есеп беру кездесулерiн өткiзулерiн үйлестiру;

Кадрлық саясатты ұйымдастыру, аудан әкiмi тағайындайтын лауазымды тұлғаларды, төмен тұрған әкiмдердi, әкiм аппаратының қызметкерлерiн тәртiптi жауапкершiлiкке тарту, қызметтен босату, қызметке тағайындау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

кадрлық резервтi құру;

аудандық мәслихатқа ұсыныс енгiзу үшiн, кент, ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi лауазымдарына кандидаттарды iрiктеудi iске асыру;

сайлауларды дайындауды ұйымдастыру;

әкiмдiк пен мәслихаттың Орталық, аудандық сайлау комиссияларымен әрекеттестiгiн қамтамасыз ету;

аудан әкiмдiгi қаулыларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын дайындау және олардың мониторингiсi;

инвестиция тарту мәселесi бойынша жұмысты ұйымдастыру;

ауданның ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Щучинск қаласының, Бурабай кентiнiң, селолық және ауылдық округтер әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестiкке зерделеу, олардың мониторингiсi, сондай-ақ енгiзiлген прокурорлық елеу актiлерiн талдау;

Әкiмнiң, аудан әкiмдiгiнiң, аудан әкiмi аппаратының кiнәраттық-талаптық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

алқа билерiне кандидаттардың тiзiмдерiн құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

қызметтiк құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауды қамтамасыз ету, жоғары және төмен тұрған мемлекеттiк органдармен және ауданның ұйымдарымен құжат айналымын ұйымдастыру;

аудан әкiмiнiң қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету;

аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiне тартуды ұйымдастыру;

ақпараттық жүйенi құруды ұйымдастыру;

Щучинск қаласының, Бурабай кентiнiң, селолық және ауылдық округтер әкiмдерiнiң және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтерiн үйлестiру;

жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың мемлекеттiк органдарымен мемлекеттiк қызметтердi ұсынуларын талдауды iске асыру;

мемлекеттiк наградалармен нарадтауға ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;

мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша жұмысты ұйымдастыру;

әкiмдiк және әкiм жанындағы комиссиялардың және басқа да консультативтiк-кеңестiк органдардың жұмыстарын ұйымдастыру;

аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды материалдық-техникалық жабдықтау мәселесi бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру;

16. Аудан әкiмiнiң аппараты:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан және басқа да ұйымдардан құжаттар сұратуға және алуға;

2) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiне әдiстемелiк басшылық етудi iске асыруға;

3) ауданның мемлекеттiк органдарымен өткiзiлiп жатқан iс-шараларға, жұмыс топтарына, комиссияларға, әкiмдiктiң отырыстарына қатысуға;

4) Щучинск қаласының, Бурабай кентiнiң, селолық және ауылдық округтер әкiмдерiн және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерiн әкiмдiк және аудан әкiмi қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға тартуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкiлеттiктердi iске асыруға құқылы.

17) Аудан әкiмiнiң аппаратының мiндеттерi:

1) жоспарлар дайындау;

2) өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

18. Аудан әкiмi аппаратына басшылықты аудан әкiмi аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

20. Аудан әкiмi аппаратының басшысы аудан әкiмi аппаратының жұмысын ұйымдастыру мен басшылық етудi iске асырады, аудан әкiмi аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функицяларын iске асыруына дербес жауапты болады.

21. Аудан әкiмi аппаратының басшысы келесi функцияларды iске асырады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте аудан әкiмi аппаратының техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ұйымдарда аудан әкiмiнiң аппаратын бiлдiредi.

3) Аудан әкiмi аппаратының құқықтық актiлерiне қол қояды.

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiпте аудан әкiмi аппаратының қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану, материалдық көмек көрсету, көтермелеу мәселелерiн шешедi.

5) Ведомстволық бағынышты мемлекеттiк органда сыбайлыс жемқорлаққа қарсы әрекет ету бойынша әрекеттердi орындамағаны үшiн жеке жауап бередi;

6) Аудан әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi.

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. Аудан әкiмiнiң аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн. Аудан әкiмi аппаратының мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. Аудан әкiмiнiң аппаратына бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, аудан әкiмi аппаратының өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Аудан әкiмiнiң аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақалың шыққан күні: 12.02.2019 09:31
Жаңартылған күні: 12.02.2019 09:31
Қараулар: 124