«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы

«Әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2015 жылғы 10 шiлдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1-тармақта:

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» атты көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген мемлекеттiк қызметтiң стандартында:

3-тармақты келесi редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жәрдемақыны тағайындау және тағайындалған жәрдемақы туралы ақпарат алу кезiнде www.egov.kz «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi — портал).»;

4-тармақта:

1) тармақшаны келесi редакцияда көрсету:

«1) порталға, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiну кезiнде құжаттар пакетiн Мемлекеттiк корпорацияда тiркеу мезетiнен бастап — 7 (жетi) жұмыс күн;»;

5 тармақты келесi редакцияда көрсету:

«5. Көрсетiлудегi мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық/қағаз нұсқада.»;

8-тармақты келесi редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда — порталда тәулiк сайын (қызмет тұтынушы жұмыс уақыты бiткеннен кейiн, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнсе, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiмен жүзеге асырылады).»;

9-тармақта:

бiрiншi абзацты келесi редакцияда көрсету:

«9. Қызмет алушы (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жүгiнген кезде мүгедек-баланы асыраушыға жәрдемақы тағайындау үшiн мемлекеттiк қызметтiң осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi және келесi құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттiк корпорацияға:»;

келесi мазмұндағы оныншы, он бiрiншi, он екiншi және он үшiншi абзацтармен толықтыру:

«порталға:

жәрдемақы тағайындау үшiн — мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындауға өтiнiш «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызметтiң осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

жәрдемақыны тағайындау туралы ақпаратты алу үшiн — қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.

Тұрғылықты мекенжайын растайтын құжаттардың, бала (балалардың) туылуы туралы куәлiктiң мәлiметтерi немесе 2007 жылғы 13 тамыздан кейiн Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлген тiркеулер бойынша туу туралы актiлiк жазбадан, 2008 жылғы 1 маусымнан кейiн Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлген тiркеулер бойынша неке қию (некенi бұзу) туралы куәлiктен үзiндi, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) орнатуды немесе асырап алуды растайтын, оған қоса, баланың мүгедектiгi туралы анықтаманы қызмет алушы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы алады.».»;

келесi мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтыру:

«портал арқылы — қызмет алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұранысты қабылдау туралы статус көрсетiледi.»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакциядағы 1-1 қосымшасымен толықтыру;

Аталған бұйрықпен бекiтiлген «Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартын алып тастау;

Аталған бұйрықпен бекiтiлген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда көрсету;

Аталған бұйрықпен бекiтiлген «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру» Мемлекеттiк қызмет стандартында:

3-тармақты келесi мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналды мемлекеттiк мекемемен (бұдан әрi — Орталық);»;

4-тармақтың 1) тармақшасын келесi редакцияда көрсету:

«4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) қызмет алушыға, Орталыққа, ауылдық округ әкiмiне, Мемлекеттiк корпорацияға және порталға құжаттар пакетiн тапсыру мезетiнен бастап —

15 минут;»;

8-тармақты келесi мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) Орталықтың  — с 08.30, 9.00 сағаттан 18.00, 18.30 сағатқа дейiн түскi үзiлiспен 12.30, 13.00 сағаттан 14.00, 14.30 сағатқа дейiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес;

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн 13.00-14.30 сағат аралығындағы түскi үзiлiспен.

Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз көрсетiледi.»;

9-тармақта:

екiншi абзацты келесi редакцияда көрсету:

«қызмет берушiге, Орталыққа, ауылдық округ әкiмiне немесе Мемлекеттiк корпорацияға: қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат.»;

алтыншы абзацты келесi редакцияда көрсету:

«Қызмет берушi, Орталық, Мемлекеттiк корпорация егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесi қарастырылмаса, мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде бар мәлiметтердi пайдалануға қызмет алушының жазбаша келiсiмiн алады.»;

10-тармақты келесi редакцияда көрсету:

«10. Қызмет алушы мемлекеттiк қызметтiң осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тiзбеге сәйкес толық емес және (немесе) әрекет ету мерзiмi өтiп кеткен құжаттар пакетiн ұсынған жағдайда мемлекеттiк қызметтiң осы стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттiк корпорацияда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат берiледi.»;

3-тараудың атауын келесi редакцияда көрсету:

«3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ауылдық округ әкiмiнiң, Орталықтың, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi»;

11-тармақта:

бiрiншi абзацты келесi редакцияда көрсету:

«11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануда осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының

14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына немесе Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына шағым берiледi.»;

төртiншi және алтыншы абзацты келесi редакцияда көрсету:

«Мемлекеттiк корпорация қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация, Орталық басшысының атына берiледi. Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiне қолма-қол да, почта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.»;

«Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң, Орталықтың немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Орталықтың немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.»;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

3-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Оралман мәртебесiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

3-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Инфляцияның деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемi» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

9-тармақтың он төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«екiншi деңгейдегi банктерде немесе ҚР аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмiрi туралы мәлiметтер.»;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакциядағы 3-қосымшамен толықтыру;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелi «Ана даңқы» ордендерiмен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыны тағайындау;» мемлекеттiк қызметiнiң Стандартымен толықтыру;

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Әлеуметтiк көмек департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң қазақ және орыс тiлдерiндегi бiр данасын қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жауапты хатшысы А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық бiрiншi рет ресми жарияланған күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрi                                                                                                                         Т. Дүйсенова

«Әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (DOCX 78 Kb)