2019 жылдың 1 шілдесіне Бурабай ауданын әлеуметтік - экономикалық қорытындылары туралы анықтама

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 5653,5 млн. теңге сомасында НКИ-98,3 % өндiрiлдi.

3392,9 тонна (100,3 %) тiрi салмағында мал мен құстың барлық түрлерiн сою, 16776,3 тонна (101,9 %) сүт жүзеге асырылды, жұмыртқа өндiру 25793,8 мың дананы (71,9 %) құрады.

Аудан шаруашылығының барлық санаттарында iрi қара мал саны 31,6 мың бас (101,4 %), соның iшiнде сиырлар 13,9 мың бас (100,8 %), шошқалар 11,4 мың бас (94,3 %), қой мен ешкiлер 45,0 мың бас (100,6%), жылқылар 14,8 мың бас (103,4 %), құстар 412,9 мың бас (103,2 %) құрайды.

Өнеркәсiп.

Өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi (тауарлар мен қызмет көрсету) 17188,8 млн. теңгенi құрады. 2018 жылдың сәйкес кезеңiне НКИ — 106,0 %.

Негiзгi капиталға инвистициялар көлемi 15607,5 млн. теңгенi құрайды. 2018 жылдың деңгейiне қарай НКИ 153,6 %.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 8269,8 млн.теңге сомасында немесе 110,8 % өткен жылдың кезеңiне сәйкес орындалған.

2018 жылмен салыстырғанда тұрғын үй пайдалануға берудiң жалпы алаңы 8244 шаршы метрдi немесе 97,9 %-ды құрады.

Кәсiпкерлiк.

Статистиканың мәлiметтерi бойынша ауданда 5679 шағын және орта бизнес субъектiлерi тiркелген, бұл өткен жылға 107,9 %-ды құрайды, оның iшiнде заңды тұлғалар 652, ЖК-лер 4657, ШҚ 370. Тiркелгендер санынан (6913) жұмыс iстеп тұрған субъектiлердiң үлесi — 82,2 %.

Бөлшектi сауда.

Бөлшектi тауарайналымының көлемi 10688,8 млн. теңгенi (НКИ 100,8 %) құраған.

Салықтар мен бюджет

Жылдың басынан бастап мемлекеттiк бюджет кiрiсiне барлығы 6702,7 млн. теңгеге салықтар мен басқа мiндеттi төлемдер түскен, бұл болжам бойынша 111,8 %-ды құрады, оның iшiнде жергiлiктi бюджетке 2648,4 млн.теңге немесе жоспарға 111,2 %.

Аудан бюджетiнiң меншiк кiрiстерi бойынша жоспары 116,9 %-ға (жоспар 1580,0 млн.теңге) немесе 1847,3 млн.теңгеге орындалды, оның iшiнде аудандық бюджет — 1468,4 млн.теңге (116,9 % ), ауылдық округтердiң бюджеттерi — 378,8 млн.теңге (117,1 %).

Бюджеттiң шығыс бөлiгi 5,1 млн. теңге игерiлмеуiмен 99,9 %-ға орындалды (жоспар 6124,2 млн. теңге , шарт 6119,1 млн. теңге), оның iшiнде:

Объективтiк себептер бойынша үнемдеу (дөңгелектеу есебiнен 2,4 кезеңге үнемдеу, 0,3 мың теңге техникалық себептер бойынша мемл.сатып алу порталында төлем жүргiзiлмедi, 2,3 млн.теңге несиелер бойынша талап етiлмеген қаражат).

Әлеуметтiк орта.

Жұмыссыздардың саны — 2019 жылдың 1.07. статистикалық мәлiметi бойынша 106 адамды құрайды, жұмыссыздық тiркелген деңгейi — халықтың экономикалық белсендi бөлiгiне 0,3 % .

Аудан бойынша кедейшiлiк пайызы 3,4 % құрайды.

2019 жылдың 1.04. орта айлық жалақы 126 139 теңге немесе тиiстi кезеңге 115,1 %.

Жылдың басынан бастап жұмысқа орналасу мәселесi бойынша Жұмыспен қамту орталығына 995 адам жүгiндi, оның iшiнде 753 адам Жұмыспен қамту орталығы бойынша жұмысқа орналасты, соның iшiнде 655 адам тұрақты жұмыс орныдарына. Жұмысқа орналысқандардың жалпы санынан 75,7 %-ды құрайды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша оқу орындары мен мамандықтар тiзiлiмi бекiтiлдi. Оқыту 18 мамандық бойынша үш оқу орындарында өтедi. Оқуға 95 адам газэлектрдәнекерлеушi, тракторшы-машинист, аспаз, кондитер, шаштараз, 1с-бухгалтерия мамандықтары бойынша бағытталды. 20 адам оқуын аяқтады, оның iшiнде 9 адам алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыт бойынша «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуға 105 адам жiберiлдi, 68 адам оқуын аяқтады, 9 адам 31 млн.670 мы ңтеңгеге шағын несие алды, 19 адам 252,5 мың теңге сомасында өз iсiн ашуға гранттар алды.

«Жұмысқа орналасу және еңбек ресурстарының ұтқырлығының жәрдемдесуi арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыт бойынша жастар тәжiрибесiне 35 адам жылдық жоспарда 14 адам жiберiлдi.

Жыл басынан бастап жұмыс берушiмен құрылған әлеуметтiк жұмыс орындарына 28 адам жiберiлдi, жылдық жоспар 32 адам.

Жыл басынан бастап қоғамдық жұмыстарға 56 адам жiберiлдi, жоспар 100 адам.

Қоныс аударушылар мен оралмандар үшiн тұрғын үй жалдау бойынша шығындарды өтеуге субсидия — жалпы сомасы 772 мың.теңгеге

1 отбасы, 4 адам субсидия алды.

2019 ж. 01.07. нәтижелi емес өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар саны 464 адам. 2019 жылдың басынан бастап өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар үшiн бiрыңғай жиынтық төлем қолданыла бастады. Ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. 2019 жылдың 1 шiлдесiне ШОК төлеген азаматтар саны 247 адамды құрады.

2019 жылдың 01 шiлдесiне 512 отбасыға, оның iшiнде 2436 адамға атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi (жылдық көрсеткiш 1640 адамды құрайды). УАК (уағдалы ақшалай көмек) 368 отбасыға, 1977 адамға көрсетiлдi; ШАК (шартсыз ақшалай көмек) 144 отбасыға, 459 адамға көрсетiлдi.

Деңсаулық сақтау саласында қан айналымы жүйесi аурулары — 7,9 %-ға, онкологиялық аурулар 21,1 %-ға өстi, бұл халықтың скрининг iс-шараларымен мол ауқымда қамтылуына байланысты.

Өткен кезеңде бала туу 1,2% артты, 2018 жылы 512 бала дүниеге келдi.

Жалпы өлiм-жiтiм 21,8% — ға төмендедi, оның iшiнде қан айналымы жүйесi ауруларынан болатын өлiм-жiтiм 27% — ға, онкологиялық аурулардан 45,4% — ға, жазатайым жағдайдан 14,3% — ға төмендедi. Ана өлiмi 0-ге тең, бала өлiмi 20% — ға төмендедi және 2018 жылы 5 жағдайға қарсы 4 жағдайды құрады.

Бiлiм саласында лингофонды-мультимедиялық кабинеттермен 91, 2 %-ға жабдықталған, биология кабинеттерi — 38,2 %, химия кабинеттерi — 50,0 %, физика кабинеттерi — 55,9 %-ды құрайды. Жаңа модификация кабинеттерiмен толық 58,8 %-ға жабдықталған. Оқушылардың саны бойынша 1 компьютерге көрсеткiш 7 оқушыны құрады. 42 мектеп кең жолақты интернетке қосылған.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша бiлiм сапасы 62,9% құрайды,бұл өткен жылғы көрсеткiштен 1,2% жоғары. Аудан бойынша 2018 жылғы ҰБТ орташа балы 71,7 балды құрады (облыс бойынша — 79).

Бiлiм бөлiмiнiң қамқоршылық органы есептi кезеңде 9 жетiм және ата — анасының қамқорлығынсыз қалған баланы анықтады. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Щучье балалар үйi» ММ — де анықталған, 2 бала жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттiк мекемеге жiберiлген, 2 бала жұмысқа орналастырылмаған.

35 елдi мекендерден 18 мектепке 776 оқушылардың 100 % жеткiзiлуi iске асырылуда.

Мектепке дейiнгi тәлiм-тәрбиемен балалар жасы 1-ден 6-ға дейiн 72,0 % оқшауланған 3398 балаларды құрайды, жасы 3-тен 6-ға дейiн 100,0 % — 3243 баланы құрайды.

Экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы                                                              Г. Тiнәлинова

Мақалың шыққан күні: 23.08.2019 12:41
Жаңартылған күні: 23.08.2019 12:41
Қараулар: 369