Ішкі саясат

Құрметтi ҮЕҰ басшылары!

2019 ж. 01 қаңтардан бастап 31 наурызына дейiн ҮЕҰ дерекқорына мәлiметтердi ұсыну мерзiмi аяқталады. ҮЕҰ қызметi туралы мәлiметтердi электронды нұсқада infonpo.kz сайтында тапсыруға болатынын еске саламыз.

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 489-1 бабына сәйкес, мәлiметтердi уақытында тапсырмаған жағдайда, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш ай мерзiмге қызметiн тоқтатылуы қарастырылған.

ҚР Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекiтiлген және 2018 жылғы 1 қаңтарда күшiне енген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тiркелу мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында әлеуметтiк бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтiк жобаларды, мемлекеттiк гранттарды iске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

Анықтама телефондары: 8(7162)72-20-08

 

Мақалың шыққан күні: 04.01.2019 10:36
Жаңартылған күні: 08.02.2019 12:04
Қараулар: 986