Кенесары ауылдық округінің әкімі Ахметовтың А.А. «Кенесары ауылдық округінің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Елбасымыз мемлекетiмiздiң 2050 жылға дейiнгi тұрақты дамуының ең негiзгi тұстарын айқындап бердi. Өркендеудiң жаңа бағытын нұсқап , межелi мақсаттарды iске асыруға шақырды.

Кенесары ауылдық округi әкiмiнiң аппараты өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, халықтың экономикалық жағдайын, әлеуметтiк және демографиялық құрамын ескере отырып, сонымен қатар, мемлекет басшысы бекiткен бағдарламалық құжаттарды, облыс, аудан әкiмдерiнiң тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жоспарлай отырып, орындайды.

Өнеркәсiп және шағын кәсiпкерлiктi дамыту.

Кенесары ауылдық округiнде шағын және орта бизнес жақсы дамыған. Барлығы — 17 дүкен, 5 кафе, кондитерлiк цех, 2 монша, жанар-жағар май құю бекетi, 2 қонақ үй, наубайхана жұмыс iстейдi. Олар тұрғындардың азық-түлiк және тұрмыстық құралдар бойынша қажеттiлiгiн толығымен өтейдi.

Ауылдық округке қарасты елдi мекендерде мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiндегi қолдау механизмдерiн түсiндiру бойынша кеңестер өткiзiлдi.

2018 жылға арналған мiндеттер:

-ауылдық округтегi қолданыстағы және тоқтап тұрған кәсiпорындарды толығымен жүктеу;

-жаңа инвестициялық жобаларды экономиканың басым саласына тарту;

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң қатысуынсыз ауылдық округтiң дамуын елестету қиын. Жалпы алғанда, округ тұрғындарының әл-ауқаты ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң экономикалық дамуына тiкелей байланысты.

2017 жылы ауыл шаруашылығының нақты көлем индексi жалпы өнiм шығарылымының (қызмет көрсетудiң) 101,1% жеттi.

Ауылдық округ аумағында 170 адам жұмыс iстейтiн 25 шаруа қожалығы және 8 ЖШС-i қызметтерiн атқаруда. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының иелерiмен және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң басшыларымен егiстiк жұмыстарына дайындық, сапалы тұқым дайындау, химиялық отау, жауын-шашын және шөп дайындау мәселелерi бойынша кеңестер өткiзiлiп, әңгiмелер жүргiзiлдi.

18 170,2 га. аумақтағы көктемгi егiс жұмыстары тиiстi деңгейде жүргiзiлдi. Оның iшiнде: 6 953 гектарға бидай, 3 975,2 гектарға арпа, 80 гектарға сұлы, 4 702 гектарға майлы дақылдар егiлдi. 42 гектар картоп отырғызылды.

Ауданда екiншi жыл қатарынан Астана қаласының маңындағы азық-түлiк белдеуiн дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған кешендi бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарламының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi — мал санын ұлғайту және мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өндiрiсiн арттыру.

Халықтың әлеуметтiк мәселелерiн шешу кезiнде қосалқы шаруашылықтардың көмегi зор. Мал шаруашылығы саласындағы қиындықтарға қарамастан, бiрте-бiрте мал саны қалпына келуде. Iрi қара малдың саны — 1414 бас, ұсақ малдың саны — 2451 бас, жылқы саны-225, шошқа саны — 482.

2018 ға арналған мiндеттер:

-мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру: «Бизнестiң жол картасы — 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс»;

-егiс алқаптарын әртараптандыруды өткiзу, атап айтқанда, егiс алқаптарында бидай үлесiн азайтып,жем-шөп үлесiн арттыру;

-ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi ет-сүт қабылдау пункттерiн құру арқылы көлемiн ұлғайту.

Округтiң демографиялық көрсеткiштерi.

Ауылдық округтегi жалпы халық саны — 2 610, оның iшiнде: Кенесары ауылында 1815 адам, Баянбай ауылында 650 адам, Брусиловка селосында — 145 адам тұрады. Экономикалық тұрғыдан белсендi халық саны 1651 адам, жұмыс iстейтiн адам саны -1521, оның iшiнде өзiн өзi жұмыспен қамтыған халық саны — 53 адам. Есептiк кезеңде 30 бала дүниеге келiп, 14 неке тiркелдi.

Бiлiм беру саласы.

Адами капиталдың өсуi — ең алдымен бiлiм беру мен денсаулық сақтауға тiкелей байланысты. 2016-2017 жылдары бiлiм берудi ақпараттандыру процесi жаңа серпiн алды. Округтiң барлық мектептерiнде компьютерлiк сыныптар мен интерактивтi тақталар бар. Әрбiр мектеп ғаламтор жүйесiне қосылған. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен мектептер өртке қарсы автоматты дабылдамамен жабдықталған. Барлық орта және негiзгi мектептерде лицензияланған медициналық кабинеттер жұмыс iстеп тұр. Барлық мектептерде буфеттiк ыстық тамақ ұйымдастырылған, аз қамтылған отбасылардың балалары тамақпен жаппай оқу Қорынан қамтамасыз етiледi.

ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша 2016-2017 оқу жылы ҰБТ орташа балл 68,8 % құрайды, өткен жылдың деңгейiне қарағанда 3,5 % — ға жоғары.

Мәдениет және спорт.

Тұрғындар барлық мерекелiк iс-шараларға, көркемөнерпаздар байқауларына, түрлi сайыстарға белсендi қатысуда. Мемлекеттiк мерекелерге орай, округ тұрғындарының, барлық мектептердiң оқушыларының, педагогикалық ұжымдарының қатысуымен концерттер өткiзiледi

2017 жылдың 10 спорттық iс-шара өткiзiлдi. Мектеп оқушылары мен ауыл жастары шұғылданатын футбол, волейбол, баскетбол, теннис секциялары тұрақты түрде жұмыс iстейдi. Округтiң спортшылары аудан және облыс деңгейiндегi спорттық iс-шараларға белсене қатысады.

Мемлекеттiк қызметтер.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына жүргiзiлген қоғамдық мониторингтiң ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттiк қызмет көрсетудi сапасын аттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Ауылдық округ әкiмi аппаратының ғимаратында мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң стандарттары мен регламенттерi бойынша стендтер орналастырылған.

Жыл сайын мемлекеттiк қызмет берушiлердiң қатысуымен мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептердi қоғамдық талқылаулар өткiзiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны –65.

1.Инвестицияларды тарту

2017 жылы негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi — 75 543,0 млн. теңге. Ұн сату — 5 763,0 мың теңге, "Кенесары–Астық" ЖШС элеваторының қызметi ( сақтау, кептiру, тазалау) — 69 780,0 мың теңге, ЖК "Омаров С.Б." наубайхана қызметi — 4 480,0 мың теңге."

Мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру.

Мал тұқымын асылдандыру бойынша Кенесары ауылында 120 бас аналық iрi қара бар "Ел Жағдай" ӘКК құрылған.

2017 жылы қоғамдық жұмыстарға 6 адам жiберiлдi.37 жұмысшы мемлекеттiк қолдауынсыз жұмыспен қамтылды.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының «Микрокредит беру» бағыты бойынша 5 адам 8 млн.800 мың теңге көлемiнде несие алды. 2017 жылға 12 адам өтiнiм бердi.

2.Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты қысқарту.

Тұрақты құрылған жұмыс орындарының саны — 12

Уақытша құрылған жұмыс орындары саны — 25.

3.Орташа еңбекақыны көтеру .

Халықтың ақшалай табысының деңгейiне еңбекақы, зейнетақының мөлшерi, оларды индекстеудiң жиiлiгi және уақытылы төленуi әсер етедi.

Ауылдық округте 2016 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшерi 37798 теңге. Еңбекке қабiлеттi халық үшiн негiзгi табыс көзi — еңбекақы. Округ бойынша орташа еңбекақы — 79 042 теңге. Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, соның iшiнде еңбекақының уақытылы төленуiне қатысты аудан әкiмдiгi, жұмыс берушi және кәсiподақ арасында өндiрiстiк процесстердi тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлердi жұмысқа орналастыру жөнiнде өзара түсiнiстiк туралы Меморандумдар жасалды.

4.Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту.

Осы жылдың 12 айында 3 794 917,2 теңге салық жиналды, оның iшiнде, жер салығы — 33 682 теңге, мүлiк салығы — 11 864 теңге.

2018 жылдың 1 қаңтарының қорытындысы бойынша ауылдық округтiң бюджетi 100 пайызға орындалды.

2018 жылға арналған мiндеттер:

-аудан бюджетiнiң орындалуын тиiмдi және ашық қамтамасыз ету;

-салық салынатын базаны кеңейту арқылы жергiлiктi бюджетке кiрiстер түсiмiн көбейту.

5.Жер қатынастарын реттеу.

11 адам жер учаскесiне қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн жер учаскесiне жеке меншiк құқығын алды, 5 заңды тұлға уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығы берiлдi.

Жергiлiктi қауымдастықпен өзара әрекеттесу.

2015 жылы ауылдық округ бойынша жергiлiктi қоғамдастықтың 11 мүшесi сайланды. Олармен бiрлесе отырып, Кенесары ауылын жарықтандыруға, қоршау орнатуға және санитарлық тазалауға қаражат бөлу туралы маңызды шешiмдер қабылданды.

6.Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚБШ-ның толықтырылуы.

Ағымдағы жылы ауылдың жергiлiктi қоғамдастығының жиналыстары өткiзiлiп, онда жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың келiп-түскен трансферттерi бойынша қаражатты бөлу мәселесi қарастырылды.

Бос алаңдардың болмауына байланысты, мемлекттiк мүлiктi мүлiктiк жалға беруден түсетiн кiрiстер жоқ. Заңды және жеке тұлғалардың ерiктi салымдары арқылы және сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн түсетiн төлемдер бойынша шотты толықтыру бағытында жұмыстар жүргiзiлуде.

7.Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаражатын жұмсау.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың «Елдi-мекендердiң көшелерiн жарықтандыру» бағдарламасы бойынша келiп түскен 2 339,0 мың теңге сомасындағы қаражат Кенесары ауылының жарықтандыру желiлерiне қызмет көрсетуге жұмсалады.

8. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету.

Кенесары ауылындағы су құбыры желiлерiнiң ұзындығы — 33 шақырым. "Бурабай Су Арнасы" ШЖҚ МКК қызмет көрсетедi. Сергеев су қоймасына 518 үй қосылған, есепке алу құралы бар 454 абонент, есепке алу құрылғысынсыз 56 абонент бар.

Баянбай ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту қажет.

Баянбай ауылының жерасты суының қорларына барлау жүргiзiлдi.

2018 жылға арналған мiндеттер:

-Баянбай ауылы су құбырлары желiлерiн күрделi жөндеуден өткiзу үшiн сметалық жобасын әзiрлеудi пысықтау;

9. Елдi-мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары.

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң «Елдi-мекендердi санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша көктемгi айлық өткiзу туралы» қаулысын орындай отырып, ауылдық округ әкiмiнiң аппараты елдi-мекендердi санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандырудың үш айлығын өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрледi. 2017 жылғы айлық кезiнде абаттандыру бойынша 4 жиналыс, 7 экологиялық сенбiлiк өткiзiлдi. Айлық өткiзу барысында үй маңындағы аумақтарды санитарлық тазалау бойынша 161ескерту табыс етiлдi, 2 стихиялық қоқыс орны жойылды, 327 тонна қоқыс шығарылды. Мектеп оқушыларының, қоғамдық жұмысшылардың қатысуымен 50 түп қайың, 20 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды. Көктемгi санитарлық тазалау, елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру айлығының қорытындысы бойынша ауылдық округте «Үлгiлi үй» атты конкурс өткiзiлдi.

11. Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау жұмыстары.

Аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының және елдi-мекен көшелерi жолдарының жай-күйi қанағаттанарлық деңгейде. Қаңтар-ақпан айларындағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолдар «Есiл–Агро» ЖШС, «Омаров С.Б» ШҚ. және т. б. көмегiмен тазартылып отырылды.

Оқушыларды «Газель» микроавтобусы Баянбай аулынан Брусиловка ауылына тасымалдайды.

2018 ға арналған мiндеттер:

- Баянбай ауылы Брусиловка селосы автокөлiк жолдарын ағымдағы жөндеуден өткiзу мәселесiн пысықтау.

12. Жылу беру маусымына дайындық.

Қазiргi уақытта барлық әлеуметтiк нысандар 2017-2018 қысқы жылыту кезеңiне 100% — ға дайын.

Сәтбаев атындағы орта мектепке 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына 250 тонна көмiр қажет едi, 250 тонна көмiр әкелiндi.

Баянбай ауылындағы орта мектепте жаңа оқу жылына және жылу беру маусымына дайындық мақсатында КВЧ 25 қазаны орнатылып, алдын-ала сынақ өткiзiлдi. Қажет 245 тонна көмiр толық көлемде әкелiндi.

Брусиловка селосының клубына жоспар бойынша қажет 10,7 тонна көмiр әкелiндi.

13. Жем-шөп дайындау.

Округ бойынша 8606 тонна көлемiнде шөп қажет едi, бүгiнгi күнi шөп қоры толық дайындалып, 100 % орындалды. Шабындық және жайылымдық жерлердiң тапшылығы — ауылдық округтегi ең түйiткiлдi мәселелердiң бiрi.

14. Халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсету.

Кенесары ауылының «Продукты» дүкенi мен Баянбай ауылының «Дар» дүкенiнде халықтың әлжуаз топтары үшiн 55 теңгеге «әлеуметтiк нан» сатылады.

«Есiл-Агро» ЖШС халықтың әлжуаз топтары үшiн шөптiң бiр тоннасын 6000 теңгеге сатады.

Апта сайын әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағаларына мониторинг жүргiзiлуде. Бағалардың көтерiлуiне жол бермеу мақсатында жеке кәсiпкерлермен түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзу кезеңiнде азық-түлiк жиынтығы түрiнде 249 зейнеткерлер мен мүгедектерге сомасы 908 700 мың теңге көмек таратылды.

" Мектепке жол" акциясының аясында Ақмола облысы «Iскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық қорынан 54 бiрiншi сынып оқушыларына демеушiлiк көмек көрсетiлдi.Сонымен қатар Кенесары,Баянбай ауылдарының аз қамтылған және көп балалы отбасыларына жергiлiктi кәсiпкерлер тарапынан 13 оқушыға мектепке қажеттi заттар алынды.

15. Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша әрекеттестiк.

Ауылдық округтiң денсаулық сақтау жүйесiне мыналар кiредi: 1 дәрiгерлiк амбулатория, 2 фельдшерлiк пункт, 1 дәрiхана. Медициналық қызметкерлердiң саны 10 адам.

Ағымдағы жылы әйелдердiң сүт безi обырына скрининг тексеру өткiзiлiп, 156 әйел тексерiлдi

Қан айналымы жүйесiнiң ауруларына скрининг жүргiзiлiп, 174 адам тексерiлдi.

0-14 жас аралығындағы балаларға скрининг өткiзiлiп, 627 бала, 15 пен 18 аралығындағы 85 жасөспiрiм тексерiлдi.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орай облыстық бюджет есебiнен Кенесары ауылында 109 млн. теңгеге бiр ауысымда 25 адам қабылдай алатын отбасылық дәрiгерлiк амбулаториясы ашылды.

Мақалың шыққан күні: 05.01.2018 11:13
Жаңартылған күні: 05.01.2018 11:13
Қараулар: 243