«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Даму» қоры» деп аталады) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі жылғы № 665 қаулысының негізінде құрылды.

«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Даму» қорының жалғыз акционері болып табылады.

Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдаудағы «Даму» қорының тәжірибесі 16 жылдан асады. 2010 жылға дейін «Даму» қорының бағдарламаларына қатысушылардың басым бөлігіне қаржылық қолдау екінші деңгейдегі банктерде қаражатты шарттасылған түрде орналастыру бағдарламаларының аясында көрсетілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерінің жалпы деңгейін төмендетудегі қаражатты шарттасылған түрде орналастыру бағдарламаларын іске асырудың ролі зор.

2010 жылдан бастап «Бизнес жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске қосылуының арқасында «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлікті қолдау құралдарының аясы айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелерін кепілдендіру басталды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті оқыту және кеңес беру арқылы қолдау бағдарламалары жаппай іске асырыла бастады. Осы сілтемені баса отырып, «Даму» қорының даму кезеңдері және қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен таныса аласыз.

«Даму» қоры саясатының бағыттары:

  • даму әлеуеті бар шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несиелік ресурстар қолжетімділігінің және оларды беру жеделдігінің дәрежесін арттыру;
  • аймақтық және салалық тұрғылардан жеке кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамти отырып, несиелік ресурстардың нәтижелі бөлістірілуін қамтамасыз ету;
  • экономиканың диверсификациялануына жәрдемдесу және шағын және орта бизнес саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
  • ішкі өндірісті кеңейтуге, инновацияларды ендіруге және өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықтимал мүмкіндіктері жоғары шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау құралдарын көбейту;
  • жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби деңгейін арттыру және халықты кәсіпкерлікке тарту.

«Даму» қорының стратегиясы келесідей даму бағыттарын іске асыруды көздейді:

  1. Шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
  2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің құзыретін дамыту.
  3. Осы сілтемені баса отырып, «Даму» қорының саясаты туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен таныса аласыз.

Барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында «Даму» қорының он алты филиалы бар. Оқыту және кеңес беру бағдарламаларының аясында «Даму» қоры бүкіл дерлік Қазақстанды қамтиды.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Даму» қоры 2012-2013 жылдары Кәсіпкерлердің құзыреті орталықтары үш деңгейлі жүйесін жасау жұмысын жүргізді. Нәтижесінде облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Семей қалаларында 17 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, моно-қалаларда 27 Кәсіпкерлікті қолдау орталығы және 14 жылжымалы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрылды.