Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңының ең басты мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

   Бұл заңның ерекшелiгi сол, билiк басындағы лауазым иелерiнiң қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсiз әрекеттерiне тосқауыл қою болып отыр. Лауазым иесiнiң қызметтiк мiндетiне жатпайтын әрекеттер, мысалы, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның, үшiншi бiр адамның пайдасына бағытталған iс-әрекеттер қылмыстық белгi құрамауы мүмкiн. Сондай жағдайда келеңсiз қылығы әшкере болған лауазым иесi аталған заң негiзiнде жауап бередi. Мемлекеттiң мүддесiне, халықтың мемлекетке, заңдарымызға деген сенiмiне нұқсан келтiретiн лауазым иесiнiң терiс әрекетi жазасыз қалмау керек.

   Басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қоғамдық өзектi мәселелер, осы әлеуметтiк қауiптi құбылыспен күрес бiрқатар мән-жайларға байланысты. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғады.

   Аталған заңның талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшiлерiне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердiң лауазымды адамдарына кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi басқару органдарына, ақы төленетiн қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетiлген. Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар үшiн өз құзiретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған

жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

   Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi:

   1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

   2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.

  Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргiзу — мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк қызметкерлердiң, тұтастай қоғамның басты мiндетi мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттiк бағдарлама жоғары деңгейдегi жауаптылықпен iске асырылуы тиiс.

 Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты