Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 632 бұйрығына
1-қосымша

"Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Министрлiк және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң орналасқан жерi бойынша — 3 (үш) жұмыс күнi;

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң орналасқан жерi бойынша емес — 7(жетi) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген жағдайда қабылдау күнi қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мерзiмi өтпестен бұрын бiр тәулiктен кешiктiрмей жеткiзудi қамтамасыз етедi.

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 (жиырма) минут;

3) көрсетiлген қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi — Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау туралы еркiн түрдегi қолхат, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында белгiленген негiздеме бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз жүзiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен сенбi аралығында түскi үзiлiссiз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау "электрондық кезек" тәртiбiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, "электронды үкiмет" порталы (бұдан әрi — портал) арқылы электрондық кезектi броньдауға болады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн ұсыну нысаны: қағаз жүзiнде.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

Көрсетiлетiн қызметтi 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтiнiш;

1) жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi (тұлғаны сәйкестендiру үшiн қажет);

2) бiлiмi туралы диплом көшiрмесi;

3) бiлiктiлiктi арттыру туралы құжат көшiрмесi;

4) қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжатының көшiрмесi;

5) бұрын берген бiлiктiлiк санаты туралы куәлiк көшiрмесi (жоғары бiлiм беру ұйымдарынан ауысқан және бiлiктiлiк санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);

6) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекiтiлген "Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғаларды және бiлiм және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13317 болып тiркелген) кәсiптiк жетiстiктерi туралы мәлiметтер (болған жағдайда).

Мемлекеттiк корпорацияға:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтiнiш;

2) жеке басын куаландыратын құжат көшiрмесi (тұлғаны сәйкестендiру үшiн қажет);

3) бiлiмi туралы диплом көшiрмесi;

4) бiлiктiлiктi арттыру туралы құжат көшiрмесi;

5) қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжатының көшiрмесi;

6) бұрын берген бiлiктiлiк санаты туралы куәлiк көшiрмесi (жоғары бiлiм беру ұйымдарынан ауысқан және бiлiктiлiк санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);

7) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекiтiлген "Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғаларды және бiлiм және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13317 болып тiркелген) кәсiптiк жетiстiктерi туралы мәлiметтер (болған жағдайда).

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм алады.

Құжаттар Мемлекеттiк корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Осы көрсетiлген стандарттың 4-тармағында көзделген мерзiм өткеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтiк құқықытық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13248 болып тiркелген) бекiтiлген "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларына сәйкес Мемлекеттiк корпорация бiр ай iшiнде кепiлдiк шартын сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оны одан әрi сақтау үшiн көрсетiлген қызметтi берушiге тапсырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн жолдайды.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi:

1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң дұрыс еместiгi белгiленген;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушы және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн материалдар, деректер және мәлiметтер қажеттi талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес толық емес құжаттардың топтамасын және (немесе) қолданыстағы мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы еркiн түрдегi нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас таратады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бередi.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану үшiн жазбаша түрде шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына немесе мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Мәңгiлiк ел, 8, Министрлiк басшысының атына жолданады.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болcа), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы көрсетiлетiн қызмет ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгiну жолымен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:

1) Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

2) Мемлекеттiк корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.

15. Қызмет берушi электрондық цифрлы қолы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттiк қызметтi алуға мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен деңгейi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде ЭЦҚ болған жағдайда порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефоны Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz орналасқан.

Жүктеу (DOCX 26 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ А-2/37 қаулысымен
бекiтiлдi

"Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта,

жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi

бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының

педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарымен, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бiлiм бөлiмдерiмен, Ақмола облысының бiлiм басқармасымен көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және нәтижеciн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады (бұдан әрi — қолхат).

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн берудiң нысаны — қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығымен бекiтiлген "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуы қажет.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды, құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды тiркеудi жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға қолхат бередi — 5 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды кеңсеге тiркеу үшiн жолдау;

2) қолхатты беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) жауапты орындаушы;

2) кеңсенiң қызметкерi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды, құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды тiркеудi жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға қолхат бередi — 5 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының) өзара әрекеттесуiн толықтай сипаттауы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 18 Kb)

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау
«Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ
қызмет
автоматтандырылған
емес
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; 1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414) 8 800 080 7777
2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3) білімі туралы диплом көшірмесі;
4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;
6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 тамызда № 8678 болып тіркелген) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда).
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

"Бурабай ауданының бiлiм бөлiмi" ММ Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi, 34

Басшы: Төлегенов Жангелдi Мейрамұлы

Телефон: 8 (71636) 2-14-44

Сенiм телефоны: 8 (71636) 2-14-44

E-mail: burabayoo@akmoedu.kz Интернет-ресурс: www.burabay.akmoedu.kz

Азаматтарды қабылдау кестесi: Дүйсенбi 14.00-19.00

Мақалың шыққан күні: 01.03.2016 15:44
Жаңартылған күні: 22.01.2019 10:27
Қараулар: 771