Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Жемқорлық — жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекет тиiмдiлiгiне деген сенiмдi түсiредi және ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төндiредi. Бiз сыбайлас жемқорлықпен күресудi лезде күшейтуiмiз, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы әрi қарай жетiлдiруiмiз қажет, бiздiң түпкiлiктi мақсатқа қол жеткiзуiмiз үшiн — сыбайлас жемқорлықты құбылыс ретiнде жоюымыз қерек» — деп айтты.

Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерiнiң алдын алуға бағытталған шаралар қолданылуда. Қазiргi кезеңде оны жою үшiн Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын арттыру қажет, бұл мәселеде құқықтық бедерсiздiктiң арқасында кейде олар өздерi, абайсыз, сыбайлас жемқорлық сызбасының қатысушылары болып жатады.

Бүгiнгi күнi әр мемлекеттiк органда сенiм телефондары орнатылған, олар тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады. Мемлекеттiк органдар қызметiнiң нақты құкықтық реттелуiн, заңдылығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету тақырыбындағы мақалалар жарияланады.

ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесiн дамыту мақсатында аудан әкiмiнiң аппаратында, атқарушы органдарда ХҚКО ЫАЖ бағдарламасы орнатылған, бұл мемлекеттiк қызметтердi электрондық формат арқылы ұсынуға мүмкiндiк бередi. Аудандық әкiмдiктiң кiреберiсiнде аудан тұрғындарының шағымдары мен ұсыныстарына арналған арнайы жәшiк орнатылған. Әкiмге тiкелей жүгiнiп, сыбайлас жемқорлық фактiлерi туралы хабарлауға, сондай-ақ барлық қажеттi ақпараттарды алуға, сұрақтар қойып, оларға бiлiктi жауап алуға болатын Еңбекшiдер ауданы әкiмiнiң интернет ресурстары бар.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу азаматтарда мораль және адамгершiлiктi, рухани мәдениеттiлiктi және өз елiне деген сүйiспеншiлiктi қалыптастыруды талап етедi. Тек, қоғам бұл құбылыстың мүлдем болмауына көз жеткiзген кезде ғана, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады. Қазақстан Республикасының әр азаматы өз мемлекетiнiң ажырамас бөлiгi екенiн, және олардың әрқайсысы бұл зұлымдыққа қарсы тұра алатының сезiнген кезде ғана, бiз бұл дерттi жеңемiз!