Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» заңдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасын ұлттық қауiпсiздiкпен қамтамасыз етуге,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, олардың салдарын жою және кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту арқылы мемлекеттiк функцияларды атқаратын мемлекеттiк органдардың, лауазымды және оларға теңестiрiлген тұлғалардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында мамандармен және үйде арнаулы әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң қызметкерлерiмен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелерi бойынша «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-нде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткiзiледi.

Одан басқа ай сайын бөлiм мамандарымен сыбайлас жемқорлық бойынша заңнамасына ерекше назар аударылып Құқықтық бiлiм мектебiнде ҚР заңдарын түсiндiру мақсатында техникалық оқу өткiзiледi.

Бөлiмде Мемлекеттiк қызметкерлердiң этикасын бақылау кiтабы бар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы материалдарымен ақпараттық стенд ресiмделген.

Азаматтар үшiн сенiм телефоны жұмыс iстейдi (2-28-99).

Бурабай ауданы ЖҚ және ӘБ бөлiмi басшысы
Қ.Қожағұлов