Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнiндегi заңнамадағы жаңалықтар туралы

2016 жылдың 1 қаңтарынан «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңi басталды. Мемлекеттi, экономика мен қоғамды дамыту үшiн жаңа құқықтық орта қалыптастыратын және сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiнiң алдын алуға барынша бағдарланған көптеген заңдар күшiне ендi. Заңдар жүйелiлiк, ашықтық, жариялық және билiктiң қоғамға есептiлiгi ұстанымына негiзделген.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк көрiнiс ретiнде iс жүзiнде саяси дамуына тәуелсiз әлемнiң барлық елдерiнде бар және тек ауқымымен ерекшеленедi. Бұл бар мемлекеттiң тұрақтылығына қауiп төндiретiн фактi. Бұл проблеманы шешу үшiн дәл жүйелiлiк көзқарас қажет.

Сыбайлас жемқорлықтың жекелеген көрiнiстерiмен күрес пен жекелеген жемқорларды қудалау тұрақты нәтиже бере алмайды, сондықтан жұмыс жүйелiлiк көзқараста құрылуы тиiс. Жүйелiлiк — бұл көрiнiстермен күрес емес, ол сыбайлас жемқорлықтың жағдайларымен және себептерiмен күрес. Бұл бағыттағы жүйелiк жұмыс тек сыбайлас жемқорлықтың төмендеуi нәтижесiне ғана емес, сонымен бiрге қоғамда да, мемлекетте де оң өзгерiстерге әкеп соқтырады. Ашықтық — бұл мемлекеттiк құрылымдардың қызметi туралы ақпаратқа қоғамның қол жетiмдiлiгi. Ашықтылық — қоғамның мемлекетке ықпал етуiнiң заңды және әрекеттi тетiктерiнiң болуы. Мемлекеттiк құрылымдардың ашықтығы мен ашықтылығы олардың қоғамға есептiлiгiн қамтамасыз етедi, мемлекеттiң қоғам игiлiгi үшiн қызмет етуiне кепiлдiк бередi.

Жоғарыда көрсетiлген ұстанымдарға сүйене «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» жаңа Заң негiзiнде мемлекеттiк аппараттың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған қазақстандық мемлекеттiк қызметтi дамытудың жаңа кезеңi бастау алды.

«Мемлекеттiк қызмету туралы» заңға сәйкес әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiнiң карьерасы оның құзыретi мен тәжiрибесi есепке алынып құрылатын болады, ал мемлекеттiк қызметке орналасу тек ашық конкурстық iрiктеу нәтижесi бойынша және тек төменгi лауазымдардан мүмкiн болады, осылайша мемлекеттiк қызмет жүйесiнде қолдампаздық (яғни достық және туысқандық «байланыстар») жағдайына жол берiлмейдi.

Азаматтық қоғамға мемлекеттiк шешiмдердi дайындау, талқылау, қабылдау және оның орындалуын бақылау үрдiсiне қатысуды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн басқа да бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды.

Сонымен, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң күшiне ендi. Дәл осы Заң мемлекеттiк басқару үрдiстерiне қатысқан кезде қоғамныңжаңа бақылау тетiктерiн және кеңiрек өкiлеттiгiн ашады. Қоғамдық кеңестердiң мiндеттерi азаматтық қоғамның мүдделерiн бiлдiру және республикалық және жергiлiктi деңгейлерде шешiмдердi талқылау мен қабылдау кезiнде жұртшылықтың пiкiрiн ескеру; орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара iс-қимыл жасауын дамыту; қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамдық кеңестерге бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетiн ақшаның түсуi мен жұмсалуы туралы есептерiн талқылау; азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге және талқылауға қатысу секiлдi уәкiлеттiктер берiлген.

Сондай-ақ 2016 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексi күшiне ендi. Кодекстiң жаңадан енгiзiлген түсiнiктерiнiң бiрi кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi Сараптамалық кеңес болып табылады. кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес орталық мемлекеттiк, өкiлдi және жергiлiктi атқарушы органдар жанында әрекет ететiн болады. Олар Ұлттық палатаның, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын болады. Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк орган қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ете отырып, әзiрленiп жатқан кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi сараптамалық кеңестiң қарауына енгiзетiн болады.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» жаңа заң қолданысқа енгiзiлдi, оның басты аспектiсi қоғамдық бақылауды iс жүзiнде жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетiлетiн қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынады және тапсырыс берушi, ұйымдастырушы, өнiм берушi ретiнде мемлекеттiк сатып алуға ғаламтор желiсiне қосылған кез келген компьютерден қатысуды жүзеге асыруға және мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң әр қадамын қадағалауға мүмкiндiк бередi, бұл тағы да сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне жол бермеуге бағытталған.

2016 жылдың қаңтарынан күшiне енген заңнамалық актiлер сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтың профилактикасына бағдарланған, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен өзара байланыста қабылданған деп қорытынды жасауға болады. Осы Заңның мақсаты сыбайлас жемқорлықтық қылық пен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн жағдайлар мен себептердiң туындауы мүмкiндiктерiн анықтау мен зерделеу болып табылады.

Осылайша, қоғам мен мемлекеттiң тығыз байланысы оның барлық деңгейлерiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық дамуын жақсарта отырып, оның туындауы мен таралуына мүмкiндiк беретiн жағдайларды қысқартуға мүкiндiк бередi.

«Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ басшысы
М.Б. Жауков