КММ туралы ереже

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «___»________
№ _____________________
қаулысымен бекiтiлген

«Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ) қызметiн қамтамасыз ететiн және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

2. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

5. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ заңнамаға сәйкес мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ туралы ереженi, оның құрылымын Бурабай аудан әкiмдiгi бекiтедi.

7. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-нiң толық атауы — «Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, орыс тiлiндегi толық атауы коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Зеленоборского сельского округа Бурабайского района». Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 021714, Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленый Бор селосы Н.П. Цой көшесi, 9.

8. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ Бурабай аудан әкiмдiгi құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

9. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

10. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ әкiм аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге жол берiлмейдi.

2. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ
негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

11. Мiндеттер:

Әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ауылдық әкiмiнiң ұйымдық-құқықтық, ауылдық материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу.

12. Функциялар:

1) «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ өз құзыретi шегiнде:

жергiлiктi қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиынын, жергiлiктi қоғамдастық жиналысын өткiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;

бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиынының, жергiлiктi қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей хабардар етедi;

жергiлiктi қоғамдастық жиынында немесе жергiлiктi қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерi мақұлдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiн жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етедi;

жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысына және аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi ұсынады;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiн iске асыру туралы шешiм қабылдайды;

жергiлiктi қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және оны жергiлiктi қоғамдастық жиналысының бекiтуiне ұсынады;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық мүлкiне жататын объектiлердi салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс берушi болады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң құқықтарын жүзеге асырады;

мүлкi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға алып қойылған мүлiктi кейiннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейiн күтiп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзiмiн белгiлейдi;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiредi, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң меншiк (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгi) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн сенiмгерлiк басқару шарты бойынша мiндеттемелердi сенiмгерлiк басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн есепке алуды ұйымдастырады, оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi.

2) «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ жергiлiктi қоғамдастық жиналысымен келiсу бойынша:

өз құзыретi шегiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн басқару саласындағы құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

шешiм қабылдайды және жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде объектiнi жекешелендiруге дайындау процесiнде оның сақталуын қамтамасыз етедi, жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметтi жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның түрiн (шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе қазыналық кәсiпорын) айқындайды;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берiлген немесе өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде өзi сатып алған мүлiктi алып қоюды немесе қайта бөлудi жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкiн алып қоюды жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз не кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiк басқаруға бередi;

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiмен келiсу бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешiм қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi (ол өндiрген өнiмдi сатуды қоспағанда) иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, филиалдар мен өкiлдiктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешектi беруге және есептен шығаруға келiсiм бередi;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың мемлекеттiк заңды тұлғаларының жарғысын (ережесiн), оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;

мүлкi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемiн айқындайды;

мүлкi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептердi «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келiседi және бекiтедi;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн пайдалану, оның iшiнде оны кепiлге, жалға алуға, өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiмдер қабылдайды;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекiтiп бередi;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

13. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ өз құзыретi шегiнде:

1) мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

2) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

3) мемлекеттiк басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердiң ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

4) шарттар, келiсiмдер жасасуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

14. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ өз құзыретi шегiндегi мiндеттерi:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттiк қызметтер көрсету;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiнiң актiлерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

3. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»
КММ қызметiн ұйымдастыру

15. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ әкiм басқарады.

16. Әкiмнiң өкiлеттiктерi:

1) әкiм аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметiне басшылық етудi жүзеге асырады;

2) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынында немесе жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешiмдердi қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

3) бюджет қаражатын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша жұмыскерлердi қабылдайды;

4) мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

5) ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеудi жүргiзедi;

6) Бурабай аудан әкiмiмен және жергiлiктi қоғамдастық жиналысымен келiсу бойынша Зеленобор ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерiн бұзуды ұйымдастырады;

7) мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетедi;

8) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

17. Әкiмде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмнiң орынбасары болуы мүмкiн.

18. Әкiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiм орынбасарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды.

19. Әкiм аппараты қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер этикасының нормаларын сақтауын әкiм қамтамасыз етедi.

4. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ мүлкi

20. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ заңнамада көзделген жағдайларда «Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

21. «Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ бекiтiлiп берiлген мүлiк аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың) коммуналдық меншiгiне жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, «Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ жергiлiктi қоғамдастық жиналысымен келiсу бойынша бекiтiлiп берiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуi мүмкiн.

5. «Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.

Мақалың шыққан күні: 17.03.2015 17:52
Жаңартылған күні: 31.01.2018 15:43
Қараулар: 672