КММ туралы ереже

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «___»________
№ _____________________
қаулысымен бекiтiлген

«Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ) Щучинск қаласы әкiмiнiң (бұдан әрi — әкiм) қызметiн қамтамасыз ететiн және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

2. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы әкiмнiң аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

5. «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi заңнамаға сәйкес мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан әрекет етуге құқылы.

6. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi туралы ереженi, оның құрылымын Бурабай ауданының әкiмдiгi бекiтедi.

7. Мемлекеттiк тiлдегi толық атауы — «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, орыс тiлiндегi толық атауы — коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима города Щучинска Бурабайского района». Заңды тұлғаның мекенжайы: 021700, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi, 34.

8. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сiн Бурабай ауданының әкiмдiгi құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

9. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

10. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-не әкiм аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге жол берiлмейдi.

2. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

11. Мiндеттер:

Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу.

12. Функциялар:

1) «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi өз құзыретi шегiнде:

жергiлiктi қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиынын, жергiлiктi қоғамдастық жиналысын өткiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;

бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиынының, жергiлiктi қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей хабардар етедi;

жергiлiктi қоғамдастық жиынында немесе жергiлiктi қоғамдастық жиналысында қабылданған және Щучинск қаласының әкiмiмен мақұлданған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi;

Бурабай ауданының Щучинск қаласының бюджетiн жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етедi;

жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысына және Бурабай ауданының мәслихатына Щучинск қаласының бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi ұсынады;

Щучинск қаласының бюджетiн iске асыру туралы шешiм қабылдайды;

жергiлiктi қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және оны жергiлiктi қоғамдастық жиналысының бекiтуiне ұсынады;

Бурабай ауданының Щучинск қаласының коммуналдық мүлкiне жататын объектiлердi салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс берушi болады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң құқықтарын жүзеге асырады;

Бурабай ауданының Щучинск қаласының коммуналдық меншiгiндегi мүлкi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға алып қойылған мүлiктi кейiннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейiн күтiп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзiмiн белгiлейдi;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiредi, Бурабай ауданының Щучинск қаланың меншiгi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгi) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн сенiмгерлiк басқару шарты бойынша мiндеттемелердi сенiмгерлiк басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

Бурабай ауданының Щучинск қаласының коммуналдық меншiгiндегi мүлкi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн есепке алуды ұйымдастырады, оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi.

2) «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi жергiлiктi қоғамдастық жиналысымен келiсу бойынша:

өз құзыретi шегiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн басқару саласындағы құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

шешiм қабылдайды және жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде объектiнi жекешелендiруге дайындау процесiнде оның сақталуын қамтамасыз етедi, жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметтi жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның түрiн (шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе қазыналық кәсiпорын) айқындайды;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берiлген немесе өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде өзi сатып алған мүлiктi алып қоюды немесе қайта бөлудi жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкiн алып қоюды жүзеге асырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз не кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiк басқаруға бередi;

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiмен келiсу бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешiм қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi (ол өндiрген өнiмдi сатуды қоспағанда) иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, филиалдар мен өкiлдiктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешектi беруге және есептен шығаруға келiсiм бередi;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың мемлекеттiк заңды тұлғаларының жарғысын (ережесiн), оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;

мүлкi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемiн айқындайды;

мүлкi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептердi "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келiседi және бекiтедi;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн пайдалану, оның iшiнде оны кепiлге, жалға алуға, өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiмдер қабылдайды;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекiтiп бередi;

жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық мүлкiн иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

13. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сi өз құзыретi шегiнде:

1) мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

2) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

3) мемлекеттiк басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердiң ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

4) шарттар, келiсiмдер жасасуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

14. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-нiң өз құзыретi шегiндегi мiндеттерi:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттiк қызметтер көрсету;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң және өзге де орталық атқарушы органдардың, Ақмола облысының, Бурабай ауданының әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң, Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкiмiнiң актiлерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

3) заңнамада көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

3. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты»
КММ қызметiн ұйымдастыру

15. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ-сiн әкiм басқарады.

16. Әкiмнiң өкiлеттiктерi:

1) әкiм аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметiне басшылық етудi жүзеге асырады;

2) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынында немесе жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешiмдердi қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

3) бюджет қаражатын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша жұмыскерлердi қабылдайды;

4) мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

5) Бурабай ауданының Щучинск қаласының тұрғын үй қорын түгендеудi жүргiзедi;

6) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiмен және жергiлiктi қоғамдастық жиналысымен келiсу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерiн бұзуды ұйымдастырады;

7) мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетедi;

8) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

17. Әкiмде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмнiң орынбасары болуы мүмкiн.

18. Әкiм Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiм орынбасарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды.

19. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер этикасының нормаларын сақтауын әкiм қамтамасыз етедi.

4. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ мүлкi

20. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ заңнамада көзделген жағдайларда «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

21. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ бекiтiлiп берiлген мүлiк Бурабай ауданының Щучинск қаласының (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың) коммуналдық меншiгiне жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ жергiлiктi қоғамдастық жиналысымен келiсу бойынша бекiтiлiп берiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуi мүмкiн.

5. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты»
КММ қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.

Мақалың шыққан күні: 16.02.2015 15:29
Жаңартылған күні: 31.01.2018 15:30
Қараулар: 861