Шикізат немесе құрылыс және жаңарту жобаларын әзірлеу қамтамасыз ету (абаттандыру және жөндеу)

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
2-қосымша

"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорация" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлердi жобалауға арналған өтiнiштi қарау мерзiмi:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды (бұдан әрi — ТШ) беруге — 6 (алты) жұмыс күнi;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, ТШ, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының (бұдан әрi — ЕТЖЖ) көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi жобалауға арналған өтiнiштi қарау мерзiмi:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге — 15 (он бес) жұмыс күнi;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, ТШ, ЕТЖЖ-ның көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу — 17 (он жетi) жұмыс күнi.

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiштi қарау мерзiмi — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Дәлелдi бас тарту — 5 (бес) жұмыс күнi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсыну фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi бұдан әрi қараудан дәлелдi бас тарту бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын ұсынылады;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

3) Мемлекеттiк корпорацияның көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет рұқсат ететiн көрсетудiң ең ұзақ уақыты — 20 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

техникалық шарттар;

сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары;

егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесi;

тiк жоспарлау белгiлерi;

жолдар мен көшелердiң көлденең қималары;

реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешiмi;

осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

Көрсетiлетiн қызметттi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қағаз тасығышта алу үшiн жүгiнген жағдайда, қызмет көрсету нәтижесi басып шығарылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

7. Мемлекеттiк қызметтi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау "электрондық" кезек күту тәртiбiмен, жеделдетiп қызмет көрсетусiз, жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

2) портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерi келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi:

өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жер учаскесiне құқығын беретiн құжат ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер базасында тiркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (техникалық шарттарды алған жағдайда);

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiш;

тұрғын үйдiң үй-жайлары (пәтерлерi) меншiк иелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгiнiң жазбаша келiсiмi немесе, егер өзгерiстер кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн қозғаған жағдайда, тұрғын үйдiң үй-жайлары (пәтерлер) меншiк иелерiнiң жиналыс хаттамасы;

өзгертiлетiн үй-жайдың техникалық паспорт (болған жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосымша қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер қорында тiркелмеген жағдайда);

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн).

техникалық жоба;

егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үй бөлiктерiмен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үй бөлiктерiмен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi қосымша қоса берiледi;

2) порталға:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi (техникалық шарттарды алған жағдайда);

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiш;

тұрғын үйдiң үй-жайлары (пәтерлерi) меншiк иелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгiнiң жазбаша келiсiмi немесе, егер өзгерiстер кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн қозғаған жағдайда, тұрғын үйдiң үй-жайлары (пәтерлер) меншiк иелерiнiң жиналыс хаттамасы;

өзгертiлетiн үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшiрмесi (болған жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi (инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосымша қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесi (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер қорында тiркелмеген жағдайда);

техникалық жобаның электрондық көшiрмесi;

егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үй бөлiктерiмен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үй бөлiктерiмен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмның электрондық көшiрмесi қосымша қоса берiледi.

Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы құжаттар туралы мәлiметтердi, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбесiне сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн тұпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармақта көзделген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру Мемлекеттiк корпорация арқылы өтiнiштiң қабылдануын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн нәтиже одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiбередi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12684 болып тiркелген) Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларының 33, 34, 34-1, 34-2, 34-3, 52, 53, 53-1, 53-2 және 53-3-тармақтарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тартуға негiз болып табылады.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажеттiлерiн Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызмет алушының тыныс-тiршiлiгiн әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

Министрлiктiң: www.mid.gov.kz;

Мемлекеттiк корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www. mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOCX 49 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ А-8/383 қаулысымен
бекiтiлдi

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 07.04.2016 № А-5/151 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: келесi бастапқы материалдарды:

техникалық шарттарды;

сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемаларын;

егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесiн;

тiк жоспарлау белгiлерiн;

жолдар мен көшелердiң көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекiтiлген "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11018 тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) кеңсе қызметкерi құжаттар келiп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тiркеудi iске асырады — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3)жауапты орындаушықұжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi және бiр мезгiлде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi жiбередi,олар көрсетiлген құжаттар келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде техникалық жағдайды ұсыну қажет;

4) техникалық жағдай келiп түскеннен кейiн жауапты орындаушы сәулет — жоспарлау тапсырмасын дайындайды және басшыға қол қоюға бередi:

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес жобалар бойынша өтiнiштердi қарау мерзiмi, мерзiмi 2 жұмыс күнiнен аспайтын дәлелдi бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтiнiш берген күннен бастап -7 жұмыс күн.

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi жобалар бойынша өтiнiштердi қарау мерзiмi, мерзiмi 2 жұмыс күнiнен аспайтын дәлелдi бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтiнiш берген күннен бастап — 9 жұмыс күн.

5) басшы сәулет-жоспарлау тапсырмасына қол қояды — 1 сағат;

6) кеңсе қызметкерi сәулет-жоспарлау тапсырмасын бастапқы материалдарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қоса бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) өтiнiштi тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзiрлеу;

4) сәулет-жоспарлау тапсырмасына қол қою;

5) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) кеңсе қызметкерi құжаттар келiп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тiркеудi iске асырады — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) жауапты орындаушықұжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi және бiр мезгiлде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi жiбередi,олар көрсетiлген құжаттар келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде техникалық жағдайды ұсыну қажет;

4) техникалық жағдай келiп түскеннен кейiн жауапты орындаушы сәулет — жоспарлау тапсырмасын дайындайды және басшыға қол қоюға бередi:

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес жобалар бойынша өтiнiштердi қарау мерзiмi, мерзiмi 2 жұмыс күнiнен аспайтын дәлелдi бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтiнiш берген күннен бастап -7 жұмыс күн.

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi жобалар бойынша өтiнiштердi қарау мерзiмi, мерзiмi 2 жұмыс күнiнен аспайтын дәлелдi бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтiнiш берген күннен бастап — 9 жұмыс күн.

5) басшы сәулет-жоспарлау тапсырмасына қол қояды — 1 сағат;

6) кеңсе қызметкерi сәулет-жоспарлау тапсырмасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi — 15 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

Мемлекеттiк корпорация өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi келiп түскен құжаттарды қабылдайды және тiркейдi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн жолдайды;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды тексередi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң жобасын дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қою үшiн жолдайды;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң жобасын қарастырады, қол қояды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерiне жолдайды;

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi шығыс хат-хабарламаларды тiркеу журналында тiркейдi және дайын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды;

7-процесс — Мемлекеттiк корпорация инспекторы тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң дайын нәтижесiн бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш берген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыт — 15 минут, Мемлекеттiк корпорацияға — 15 минут;

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыт — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияға — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) өтiнiшi бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi Мемлекеттiк корпорацияға:

Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

тапсырыс берушi бекiткен жобалауға арналған тапсырма;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың көшiрмесi немесе жергiлiктi атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмi;

Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

топографиялық түсiрiлiм.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратып алуға жол берiлмейдi.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш бiлдiру тәртiбi мен рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ паролiнiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен Порталда тiркеудi iске асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖСН/БСН және паролiн енгiзу процесi (авторизация процесi);

1-шарт — Порталда ЖСН/БСН және пароль тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;

2-процесс — Порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiне Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық түрдегi қажет құжаттардың көшiрмелерiн бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдап алуы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеуi үшiн "электрондық үкiмет" аймақтық шлюзы автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрi — ЭҮАШ АЖО) "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы (бұдан әрi -ЭҮШ) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысты) бағыттау;

3-шарт — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен көрсетiлетiн қызметтi алушы қоса берген Стандарта көрсетiлген құжаттарды және қызмет көрсету үшiн негiздердi сәйкестiкке тексеруi;

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжатында бұзушылықтардың орын алуына байланысты сұраныс салынған көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен Портал қалыптастырған қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 18 Kb)

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
 Шикізат немесе құрылыс және жаңарту жобаларын әзірлеу қамтамасыз ету (абаттандыру және жөндеу) "Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34, 10-кеңсе. Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. 1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.  жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) - 3 (үш) жұмыс күні;
  жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру - 7 (жеті) жұмыс күні;
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса - қажет емес);
      жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергілікті ақтарушы органның шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі:эскиз (эскиздікжоба);

Сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшірмесі;

Жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкес тендіру үшін).

Өтініштің қабылдану ынрастау көрсетілетін қызметті берушідегі құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күні көрсетіп отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндетір келгенітуралыбелгі.

      сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайды реконструкциялау мүмкіндігі туралы техникалық зертеу қорытындысының көшірмесі;
      болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.
 
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.жауап беру.
Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
  Министрліктің: www.economy.gov.kz;
      Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz жарияланған.
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

"Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34, 10-кеңсе.

Басшысы:  Бос орын

Телефоны: 8 (71636) 4-32-58

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-32-58

E-mail: arhitektura2@mail.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 08.02.2017 10:37
Жаңартылған күні: 10.06.2019 17:24
Қараулар: 1214