Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеушілер, тіркеу

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
31-қосымша

Ескерту. 34-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамындағы көрсетiлетiн қызметтi берушi (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 1 (бiр) жұмыс күнi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiде, Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыс iздеп жүрген адам ретiнде тiркеу туралы қағаз немесе электрондық түрдегi хабарлама не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс iздеп жүрген адам ретiнде тiркеуден бас тарту туралы қағаз немесе электрондық түрдегi хабарлама.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14-30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00, 9.30-дан 17.30, 18.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi;

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiштер мен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жүгiнген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

еңбек қызметiн растайтын құжат (бар болса);

бiлiмi, бiлiктiлiгi, арнайы бiлiмiнiң болуы немесе кәсiптiк дайындығы туралы құжат (бар болса);

порталға:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жұмыс iздеп жүрген адам ретiнде тiркеу үшiн мәлiметтер нысаны;

еңбек қызметiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (бар болса);

бiлiмi, бiлiктiлiгi, арнайы бiлiмiнiң болуы немесе кәсiптiк дайындығы туралы құжат (бар болса).

Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнiн көрсету арқылы өтiнiштi қабылдау туралы хабарлама жолданады.

Электрондық өтiнiште көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi алушы "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн анықтаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отыратын жүгiну туралы ақпарат (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижесi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс iздеп жүрген адамды тiркеген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лайықты жұмыс таңдау арқылы өтеусiз негiзде оны бос жұмыс орны туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желiсiнiң абоненттiк құралы арқылы тиiстi жұмыстың болуы туралы хабарландыру арқылы оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi, сондай-ақ әлеуметтiк кәсiптiк бағдарлау бойынша қызметтердi көрсетедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Жұмыс iздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен) лайықты жұмыстың бар екендiгi туралы ұсыныстарды алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елдi мекендерде тұратындар — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне барып немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желiсiнiң абоненттiк құрылғысы арқылы хабардар ете отырып, жұмыс iздеуге, сондай-ақ кәсiптiк оқытуға қатысуға мүдделiлiк бiлдiруге тиiс.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған;

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭСҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алу мүмкiндiгi бар.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинетi", мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

18. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген.

Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Жүктеу (DOCX 42 Kb)

 
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, 8-март көшесі, 24.

Басшысы: Қанат Қайырбекұлы Қожағұлов

Телефоны: 8 (71636) 2-28-99

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-55-81

E-mail: soczachita@bk.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 08.02.2017 10:22Жаңартылған күні: 13.02.2020 10:52Қараулар: 1253

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
наурыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77