Бурабай ауданы әкімдігінің регламенті

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң қоса ұсынылып отырған регламентi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Т. Ташмағамбетов

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «18»қарашасында
№ а-12/469
қаулысымен бекiтiлдi

1. Жалпы ережелерi

1. Бурабай ауданының әкiмдiгi (бұдан әрi — әкiмдiк) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпымемлекеттiк саясатын Бурабай ауданын дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.

2. Бурабай ауданының әкiмi (бұдан әрi — әкiм) әкiмдiк құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.

Әкiм әкiмдiк мүшелерiнiң санын айқындайды.

Әкiм әкiмдiктiң дербес құрамын айқындайды және облыстық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

3. Әкiмдiк қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен және осы Регламентпен (бұдан әрi — Регламент) реттеледi.

4. Әкiмдiктiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты (бұдан әрi — аппарат) жүзеге асырады.

5. Әкiмдiк iс қағаздарын жүргiзу және әкiмдiкке келiп түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленетiн әрi әкiмi бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттiк органдарға жiберiлетiн шығыс хат-хабарлар (оның iшiнде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкiде мемлекеттiк тiлде ресiмделедi (қажет болған жағдайда орыс тiлiндегi нұсқасы қоса берiледi).

7. Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмдiктiң және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн актiлер жобалары өтуiнiң осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

8. Әкiмнiң, оның орынбасарларының немесе аппарат басшысының тапсырмасы бойынша соттарда, құқық қорғау органдарында және басқа да ұйымдарда әкiмдiктiң және әкiмнiң мүдделерiн ұсыну және қорғау талқылау мәнi болып саналатын мәселелер құзыретiне жататын мемлекеттiк органмен жүзеге асырылады. Аппараттың құқықтық жұмыстар бөлiмi тиiстi мемлекеттiк органға құқықтық және сабағаттық көмек көрсетедi.

9. Әкiмдiктiң немесе әкiмнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне ресми түсiнiктеме берудi әкiмнiң тапсырмасы бойынша аппараттың құқықтық жұмыстар бөлiмiмен жүзеге асырылады.

10. Әкiм немесе оның мiндетiн атқаратын тұлға Бурабай ауданы мемлекеттiк органдарының басшыларына, қала, кент, ауылдық округтер мен ауыл әкiмдерiне, аппарат басшысына, барлық мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың лауазымды тұлғаларына олармен алдын ала келiсусiз орындалуы мiндеттi тапсырмалар бере алады.

11. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын (мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар) атқарушы органдардың ведомстволық бағынышты ұйымдар мемлекеттiк басқарудың тиiстi органы басшысының келiсiмi болған жағдайда (ведомстволық бағынышты ұйымның хатындағы бұрыштама) ғана әкiмдiктiң немесе әкiмнiң атына, сондай-ақ жеке өзi әкiмнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының өз атына тiкелей тапсырмаға жауаптар бойынша өтiнiш бiлдiре алады.

2. Жұмысты жоспарлау

12. Әкiмдiктiң мәжiлiстерiнде қарау үшiн мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесi әкiмдiк мүшелерiнiң және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi — атқарушы орган) және басқа да мемлекеттiк органдар басшыларының келесi жоспарланатын тоқсан айының 15-нен кешiктiрiлмей аппараттың ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлiмiне ұсынылатын әкiмнiң қадағалайтын орынбасарымен келiсiлген ұсынысы бойынша аппараттың ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлiмiмен құрастырылады.

Әкiмдiктiң мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланған мәселелердiң тiзбесi аудан әкiмiнiң өкiмiмен тоқсан басталғанға дейiн 10 күнтiзбелiк күн бұрын бекiтiледi.

Бекiтiлген мәселелер тiзбе аппараттың құжаттау бөлiмiмен әкiмдiктiң мүшелерiне, сондай-ақ қажет болған жағдайда қала, кент, ауылдық округтер мен ауыл әкiмдерiне және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.

Жоспарланған мәселенi тiзбеден алып тастау немесе оны қарастыруды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiм тиiстi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысымен немесе аппарат басшысымен ұсынылған анықтаманың негiзiнде қосымшасымен тиiстi өкiмге өзгерiстер енгiзу жолымен мәжiлiс өткiзiлетiн күнге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей әкiм қабылдайды.

Осы тармақпен белгiленген тәртiп кезектен тыс өткiзiлетiн әкiмдiктiң мәжiлiсiне тарамайды.

Әкiмдiктiң мәжiлiстерiнде қарау үшiн қосымша мәселелердi енгiзу тиiстi өкiмге толықтырулар енгiзу жолымен жүзеге асырылады. Өкiмнiң жобасын мәселенi қарауға мүдделi мемлекеттiк орган отырыс өткiзiлетiн күнге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзедi.

3. Әкiмдiктiң отырыстарын дайындаудың және өткiзудiң тәртiбi

13. Әкiмдiк мәжiлiстерi айына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оны әкiм шақырады.

Әкiмдiктiң кезектен тыс мәжiлiсi әкiмнiң бастамасы бойынша шақырылады.

14. Әкiмдiк мәжiлiстерiнде әкiм, ал ол болмаған кезде — әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.

15. Әкiмдiк мәжiлiстерi, әдетте, ашық болады және мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде жүргiзiледi.

Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжiлiстерде қаралуы мүмкiн.

16. Әкiмдiк мәжiлiсi, егер оған әкiмдiк мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi.

Әкiмдiктiң мәжiлiсiнде мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады.

Қаулы әкiмдiктiң қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.

Әкiмдiктiң қаулысы қаулылардың жобалары бойынша оның ұжымдық ашық пiкiрiн көрсетуi тиiс болуына байланысты, әкiмдiк мүшелерiнiң дауыс беруi жүргiзiледi.

Әкiммен немесе оның тапсырмасы бойынша аппарат басшысымен қаулының жобасы дауыс беру үшiн әкiмдiктiң мәжiлiсiне шығарылады немесе әкiмдiктiң мүшелерiне дауыс беру нәтижелерiнiң есепке алу парағын рәсiмдеу арқылы жабық дауыс тәртiбiнде немесе осы Регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электронды құжат нысанында ұсынылады.

17. Әкiмдiктiң мәжiлiстерiнде облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, қала, кент, ауылдық округтер мен ауыл әкiмдерi, сондай-ақ әкiм бекiткен тiзбе бойынша кеңесшi дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.

Әкiмдiктiң мәжiлiстерiне қатысу үшiн шақырылғандардың тiзiмi бойынша ұсыныс талқыланатын мәселелерге қарай сұрақты дайындауға жауапты мемлекеттiк органмен мәжiлiске дейiн 5 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзiледi.

Әкiмдiк мәжiлiсiне қатысушылардың тiзiмiне әкiммен келiсiм бойынша аппарат басшысы қол қояды.

Әкiмдiктiң мәжiлiсiне қатысуға шақырылған тұлғалар аппараттың ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлiмiмен тiркеледi.

Жабық мәжiлiстердi өткiзу және құпия мәселелердi талқылау құпиялылық талаптарды сақтай отырып және мәжiлiске рұқсатнаманы шектеу арқылы жүзеге асырылады.

18. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмдiк мәжiлiстерiнде қарауға мәселелердi дайындау мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

әкiмдiк мәжiлiсiне енгiзiлетiн анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгiзетiн органның бiрiншi басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрi — бiрiншi басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;

жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екi жол арқылы басылған 5 бет мәтiннен аспауы тиiс;

әрбiр мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бiрдей болуы тиiс;

әкiмнiң сөз сөйлеу тезистерi;

әкiмдiктiң мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi;

талқылауға қатысатындардың тiзiмi;

мәселе енгiзетiн орган немесе аппараттың құрылымдық бөлiмшесi талқыланатын мәселелер бойынша мәжiлiске шақырылғандардың тiзiмiн айқындайды және нақтылайды. Аппараттың тиiстi салалық бөлiмi шақырылғандардың келуiн қамтамасыз етедi.

Әкiмдiктiң мәжiлiсiнде қарауға мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалған материалдар аппараттың ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлiмiне мәжiлiске дейiн бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей ұсынылады.

Бейне материалдар және слайдтар аппараттың ақпараттық технологиялар бөлiмiне әкiмдiк мәжiлiсiне дейiн үш жұмыс күнi бұрын ұсынылады.

Әкiмдiктiң мәжiлiстерiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында, баяндамамен сөз сөйлейтiндер және талқылауға қатысушылар аппараттың құжаттау бөлiмiне iлеспелi аударуды жүзеге асыру үшiн сөз сөйлеушiлердiң мәтiндерiн екi тiлде ұсынады.

19. Аппараттың ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлiмi мәжiлiс күн тәртiбiнiң жобасын құрастырады және әкiммен немесе оны алмастыратын тұлғамен келiсiлгеннен кейiн аппараттың құжаттау бөлiмi оны таратады және тиiстi материалдарды әкiмдiктiң мүшелерiне және шақырылғандарға бередi, қажет болған жағдайда басқа да лауазымды тұлғаларға аппарат басшысымен бекiтiлген жiберiлiм көрсеткiшiне сәйкес мәжiлiске дейiн үш күн бұрын таратылады.

Тиiстi органдармен материалдар уақытылы ұсынылмаған жағдайда, аппарат басшысы ол туралы әкiмге немесе оны алмастыратын тұлғаға жоспарланған сұрақты қараудан алып тастау немесе оны қарастыруды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдау үшiн баяндайды.

Материалдардың уақытында және толық ұсынылмауына, сапасыз ұсынылғанына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

Әкiмнiң тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкiмдiк мәжiлiсiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн.

20. Әкiмдiк мәжiлiсiнде апараттың құжаттау бөлiмiмен хаттама жүргiзiледi, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердiң аты және мән-жайы, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнiң негiзгi мазмұны, ескертулер және әкiмдiк мүшелерi қабылдаған қаулы көрсетiледi. Әдетте, аппараттың ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлiмiмен мәжiлiстiң стенографиясы жүргiзiледi, мәжiлiстерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздерiне жазылады.

Әкiмдiк мәжiлiсiнде қабылданған шешiмдердi аппараттың құжаттау бөлiмi мәжiлiс аяқталған күннен бастап үш күн мерзiмде хаттамамен елтаңбалық бланкiде мемлекеттiк тiлде ресiмдейдi (қажет болған жағдайда орыс тiлiндегi нұсқасы қоса берiледi), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжiлiсте төрағалық етушi қол қояды.

Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға арналған реттiк нөмiрлер берiледi.

Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттар аппараттың құжаттау бөлiмiнде 2 жыл сақталады, содан кейiн аппараттың ведомстволық мұрағатына берiледi.

Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi.

21. Әкiмдiк аяқталғаннан кейiн, мәселенi енгiзген мемлекеттiк орган әкiмдiк мүшелерiнiң ескертулерi мен ұсыныстарын ескере отырып, әкiмдiк қаулысының жобасын әкiмдiк мәжiлiсi өткiзiлген күннен кейiн 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей пысықтайды.

4. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және рәсiмдеудiң тәртiбi

22. Атқарушы органдар әкiмдiк тиiстi шешiм қабылдауы үшiн оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгiзедi:

1) мәселенi шешу әкiмдiктiң құзыретiне кiргенде;

2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келiспеушiлiк туындаған кезде;

3) мәселенiң шешiлуi жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрудi талап еткенде.

23. Аппарат және жергiлiктi атқарушы органдар әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi — жобалар) дайындауды Қазақстан Республикасының «Құқықтық актiлер туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңдарына және осы Регламентке сәйкес аппаратпен және мемлекеттiк органдармен жүзеге асырылады.

Мүдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ұсынылады.

Жобаға «ескертулермен» келiсу болған кезде келiспеушiлiктер туралы бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажеттi түсiндiрмелер берiлген анықтама тiркеледi.

Жобаларды әзiрлеуге қатысушы органдар арасында келiспеушiлiктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердiң мән-жайы құзыретiне кiретiн әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы кеңес шақыра алады, оның нәтижелерi хаттамалармен ресiмделедi.

Келiспеушiлiктер жойылған кезде тиiстi орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келiсiмге қол жетпеген жағдайда, әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға ақпарат бередi.

24. Жобалардың уақтылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмдiкке белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын ашық талқылау жүргiзуге, қажеттiлiгiне қарай жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредитацияланған бiрлестiктерiнен және Ақмола облысының кәсiпкерлердiң палатасы аудандық филиалынан сараптамалық қорытынды алуға оны әзiрлеудi жүзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады.

25. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келiсiледi:

1) құзыретiне орай мүдделi мемлекеттiк органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлiк қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескерiле отырып, белгiленедi;

2) қаржы саласындағы тиiстi атқарушы органмен — жобаның қаржылық орындылығы, коммуналдық мүлiк және коммуналдық заңды тұлға, облыстық бюджеттi нақтылау мен түзету мәселелерi бойынша;

3) экономика саласындағы тиiстi атқарушы органмен — экономикалық орындылығы және ел мен облыстың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестiгi, қаржыландыру жобасының қамтамасыз етiлуiнiң мәселелерi бойынша.

26. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мүдделi атқарушы органдарға жiбередi.

Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен әрi тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

Әкiм, әкiмнiң орынбасарлары және аппарат басшысы келiсудiң өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.

Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжiлiсте) қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды.

Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес.

27. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс:

1) жоба ескертулерсiз келiсiлдi (жобада бұрыштама болады);

2) жоба ескертулермен келiсiлдi (жобада ескертулерiмен бұрыштама болады және ол қоса берiлуi тиiс);

3) жобаға келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).

28. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкiлiктi нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, түпкiлiктi нұсқаны дайындау процесiнде әзiрлеушi өзi келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды.

Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi.

Қажет болған ретте, әкiмнiң, әкiм орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн.

29. Аудан әкiмдiгiнiң штат санының лимитiн арттыруды қарастыратын жобаларды әзiрлеушi — мемлекеттiк орган алдын ала әкiммен келiскеннен кейiн дайындайды.

30. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негiзделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдiктiң және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.

Егер актiлердiң жобалары нормативтiк сипатта болса және (немесе) әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi қозғаса, әзiрлеушi түсiндiрме жазбада нақты мақсаттарды, күтiлiп отырған нәтижелердiң мерзiмдерiн және енгiзiлiп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиiмдiлiгiн көрсетуге мiндеттi. Бұл актiлердi әкiмдiк немесе әкiм қабылдаған жағдайда, оларды iске асыру қорытындылары бойынша, әзiрлеушi, актiлерде белгiленген мерзiмдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелерi туралы қысқаша есеп тапсыруы тиiс.

31. Жобаны әзiрлеушi жобада бiр мезгiлде әкiмдiк қаулыларын және (немесе) әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiн қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнiнде норма көздейдi және (немесе) нақты мерзiмдер белгiлей отырып, оларды сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi.

32. Жобалар мемлекеттiк органдармен өздерiнiң бастамасы бойынша, әкiмнiң немесе жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша әзiрленедi.

Жобалар әкiмнiң тапсырмасы бойынша аппаратпен әзiрленуi мүмкiн.

33. Нормативтiк құқықтық актiнi аудандық мәслихатпен бiрлесiп қабылдаған жағдайда, әзiрлеушi-мемлекеттiк орган жобаны әкiмнiң аппаратына осы Регламентпен белгiленген тәртiпте енгiзедi.Аппаратта сараптамадан өткен және әкiмдiктiң мүшелерiмен қаралған жобаны әзiрлеушi-мемлекеттiк орган аудандық мәслихаттың аппаратына қажеттi құжаттарды қоса отырып мәслихат сессиясы өтетiн күнге дейiн он жұмыс күн бұрын енгiзедi.

Ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы бойынша аудандық мәслихатпен бiрлесiп акт қабылдау қажеттiлiгi болған жағдайда, аппараттың ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлiмi жобаның әзiрлеушiсi болып саналады.

34. Жобалардың әзiрлеушi-мемлекеттiк органы жобаларды заң қызметi басшысының (немесе оның мiндеттерiн атқаратын тұлғаның) және мемлекеттiк орган басшысының электрондық сандық қолтаңбасын қолдану жолымен куәландырылған электрондық құжаттардың нысанында қажеттi құжаттарымен қоса электрондық құжат айналымының жүйесi арқылы «НҚА» модулiне орналастырады.

Бұл тәртiп орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiмен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, акцияларының бақылаулы пакетi (жарғылық капиталында қатысу үлесi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдармен және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктермен әзiрленген жобаларға тарамайды, олар iлеспе хатпен қоса қағаз түрiнде енгiзiледi.

Сонымен қатар, келiсу парағында енгiзiлетiн жобаның атауы құқықтық актi жобасының тақырыбына сәйкес келуi тиiс.

35. Жоба Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу және келiсу қағидаларының талаптарын ескере отырып, әзiрлендi.

36. Әкiм немесе оның тапсырмасы бойынша аппарат басшысы шұғыл түрде шешiм қабылдау мақсатында өкiмдердiң жобаларын келiсудiң басқа рәсiмiн белгiлей алады.

Аппарат, аппарат басшысы, әкiмнiң орынбасарлары электрондық құжат нысанында немесе осы Регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келiсу парағын рәсiмдеу арқылы өкiмдердiң және шешiмдердiң жобаларын келiседi.

37. Әкiмдiктiң мүшелерiмен жобаны қараудың жалпы мерзiмi, аппарат бөлiмдерiмен сараптама жүргiзу, әкiмдiк қаулысы мерзiмi үш жұмыс күнiнен аспайтын мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi болған жағдайды қоспағанда, жиырма жұмыс күнiнен аспайды.

Аппарат бөлiмдерiмен сараптама жүргiзу үш жұмыс күнiнен аспайтын уақыт барысында жүзеге асырылады.

38. Әкiмнiң аппаратында жобаның сараптамадан өтуiнiң кез келген сатысында дәлелдi негiздемелер бойынша бас тартылуы мүмкiн.

39. Қарау барысында жоба пысықтауға керi қайтарылған жағдайда, әзiрлеушi пысықтайды және аталған жобаны осы Регламенттiң 34-тармағын сақтай отырып екiншi қайтара ұсынады.

40. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалып мемлекеттiк органдармен енгiзiлетiн жобаларға қоса ұсынылады:

1) осы Регламенттiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзiрлеушi-мемлекеттiк органның басшысы немесе оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қоятын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түсiнiктеме жазба;

2) орындалуы үшiн әзiрленген жоба тапсырмаларының (хаттамалардың) көшiрмелерi;

3) әкiмнiң бұрыштамасымен жазбаша өтiнiшхаттар;

4) осы мәселе бойынша бұған дейiн қабылданған актiлердiң көшiрмелерi;

5) жобаны келiсу туралы мүдделi мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың хаттары;

6) келiспеушiлiк хаттамалары;

7) тиiстi есептер, облыстық бюджеттiк комиссия шешiмiнiң көшiрмесi;

8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредитацияланған бiрлестiктерiнiң және Ақмола облысының кәсiпкерлер палатасы аудандық филиалының сараптамалық қорытындыларының көшiрмелерi;

9) қоғамдық кеңестiң ұсынымдары;

10) құқықтық актiнi қабылдаудың қажеттiлiгiне байланысты өзге де құжаттардың көшiрмелерi.

41. Аппарат мәтiндердiң сәйкестiлiгiне жүргiзiлген тексерiстiң, сараптаманың нәтижелерi бойынша жобаны келесi негiздер бойынша пысықтауға қайтарады:

1) жоба мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндердiң түпнұсқалы еместiгi;

2) оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiндiгi;

3) осы Регламенттiң талаптарын бұза отырып ұсынылуы.

42. Жобаны аппараттың салалық бөлiмiнде қарағаннан кейiн, жоба заң техникасы ережелерiнiң сақталуын және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiлiгiн тексерудi жүзеге асыру үшiн құқықтық жұмыстар бөлiмiнде қаралады.

Құқытық жұмыстар бөлiмi құқықтық сараптаманы жүргiзудiң нәтижелерi бойынша:

жобамен келiседi;

қаралатын мәселе әкiмдiктiң немесе әкiмнiң құзыретiне жатпайтын болса, жобамен келiсуден бас тартады;

қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары және заң техникасы бұзылған жағдайда, жоба пысықтауға керi қайтарылады.

43. Құқықтық сараптама өткiзiлгеннен кейiн жоба редакциялық сараптама жүргiзу және мәтiндердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi сәйкестiлiгiн тексеру үшiн құжаттау бөлiмiне жолданады.

44. Аппарат бөлiмдерiмен сараптама өткiзiлгеннен кейiн, жоба әкiмдiктiң мүшелерiмен немесе тиiстi мәселенi қадағалайтын әкiмнiң орынбасарынан бастап әкiмнiң орынбасарларымен келiсiледi. Түпкiлiктi келiсудi аппарат басшысы жүзеге асырады.

45. Жобадан бас тартылуы мүмкiн:

1) кез келген негiздер бойынша әкiмнiң шешiмi бойынша;

2) әкiмдiктiң мәжiлiсiнде әкiмдiк мүшелерiнiң дауыс беруiнiң негiзiнде.

46. Келiсу парағымен қоса жобаны әкiмнiң қол қоюына ұсынуды аппараттың құжаттау бөлiмi жүзеге асырады.

47. Әкiмдiктiң қаулыларына, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне әкiм қол қояды. Қол қойылғаннан кейiн актiлердiң түпнұсқаларына түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi.

48. Әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерiн тiркеудi және есепке алуды аппараттың құжаттау бөлiмi жүзеге асырады.

49. Әкiмдiк пен әкiмнiң қол қойылған актiлерiне тiркеу нөмiрлерi берiледi, олар:

1) әкiмдiктiң құпия емес актiлерi үшiн — «а» (әкiмдiк) әрпiнен, әкiмдiк мәжiлiсiнiң реттiк нөмiрiнен, күнтiзбелiк жылдың басынан бергi актiнiң реттiк есептi нөмiрiнен тұрады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi ретiнде әкiмдiктiң қаулысы қабылданған жағдайда сәйкестендiру нөмiрiнен тұрады, ол келесi реттiк есептi нөмiрiнiң орнына көрсетiлетiн рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттiк ақпараттық жүйесi арқылы берiледi;

2) әкiмнiң актiлерi үшiн — күнтiзбелiк жылдың басынан бергi реттiк есептi нөмiрiнен.

Таратылуы шектеулi актiлер бiрiншi парақтың жоғарғы оң жағында «Қызмет бабында пайдалану үшiн», № ______ дана белгiсiмен рәсiмделедi, қол қойылғаннан кейiн оларға тиiстi есептi массивтiң нөмiрi берiледi.

Аппараттың мемлекеттiк құпияларды қорғау қызметi құпия iс жүргiзудiң талаптарына сәйкес ерекше құпия, өте құпия және құпия актiлер үшiн тiркеу нөмiрiн бередi.

50. Әкiмдiк қаулыларының, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бекiтiлген көшiрмелерi аппараттың құжаттау бөлiмiмен, әзiрлеушi-мемлекеттiк органмен толтырылған таратылымға сәйкес таратылады.

Әдiлет органдарында тiркелуi тиiстi әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерi тiркелгеннен кейiн тиiстi мекенжайларға таратылады.

Әкiмдiк қаулыларының, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары келiсу парағымен қоса аппараттың құжаттау бөлiмiнде сақталады.

Құжаттарды уақытында шығару және тиiстi мекенжайларға тарату жауапкершiлiгi аппараттың құжаттау бөлiмiне жүктеледi.

51. Техникалық қателер орын алған кезде әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерiнiң және өкiмдерiнiң бұған дейiн жолданған даналарын ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте, алғаш жолданған құжаттар аппаратқа қайтарылуы тиiс. Сондай-ақ, алғаш рет жолданған даналардың алушыларына «Бұрынғы жiберiлгеннiң орнына» («Взамен ранее разосланного») белгiсiмен қаулылардың түзетiлген нұсқалары таратылады.

52. Әкiмдiк және әкiм қабылдаған актiлердiң есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi аппараттың құжаттау бөлiмi жүзеге асырады.

53. Қаулылардың түпнұсқаларымен жұмыс жүргiзуге, аппараттың ғимаратынан шығаруға жол берiлмейдi.

54. Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркеуге және мiндеттi түрде ресми жариялануға жатады.

55. Әктiлердi жариялауға жолдауды аппараттың құқықтық жұмыстар бөлiмi жүзеге асырады.

56. Әзiрлеушi-мемлекеттiк орган әкiмдiк пен әкiмнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бекiтiлген көшiрмелерiн алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде оларды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде баспасөз-релиздi орналастыру арқылы әкiмнiң интернет-ресурсында жариялайды, ол нақтылы мақсаттарды, әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарды, сондай-ақ әкiмдiк пен әкiм актiсiнiң болжамды тиiмдiлiгi туралы ақпаратты қамтиды.

57. Мемлекеттiк органдар заңнамаға қайшы келетiндi анықтау және құқық нормасын жою, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау және оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану бойынша уақытында шара қолдану үшiн өздерi әзiрлеушiсi болып қабылданатын қаулыларға, шешiмдер мен өкiмдерге тұрақты мониторингтi жүзеге асырады.

Мониторингтiң нәтижелерi бойынша ақпарат аппараттың құқықтық жұмыстар бөлiмiне тоқсанның соңғы айының 30-ына ұсынылады.

58. Жоғары тұрған деңгейдiң жаңа нормативтiк құқықтық актiлерiн қабылдау кезiнде, мемлекеттiк органдар үш жұмыс күнiнiң iшiнде жоғары тұрған деңгейдiң жаңа нормативтiк құқықтық актiлерiн реттеу мәнiмен байланысты болатын әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерiн талдайды.

Әкiмдiк пен әкiмнiң актiлерi жоғары тұрған деңгейдiң жаңа нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, жоғары тұрған деңгейдiң жаңа нормативтiк құқықтық актiсi қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде мемлекеттiк органдармен осы Регламентте белгiленген тәртiпте өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу, немесе олардың күшi жойылды деп тану бойынша шаралар қолданылады.

59. Мемлекеттiк құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмдiк және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлермен танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қолжетiмдiлiктi беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы белгiлеген тәртiппен аппарат жүзеге асырады.

5. Заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртiбi

60. Заң актiлерiн, Қазақстан Республикасының Президентi, Yкiметi, Премьер-Министрi, облыс, аудан әкiмдiктерiмен әкiмдерiнiң актiлерiн орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келiсу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауын iске асыру, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

61. Заң актiлерi, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс, аудан әкiмдiктерiнiңң, әкiмдерiнiң актiлерi мен тапсырмалары және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттерi шегiндегi өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.

62. Заң актiлерiнiң, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс, аудан әкiмдiктерiнiң және әкiмдерiнiң актiлерi мен тапсырмаларының уақытылы әрi сапалы орындалуына жауапкершiлiк осылар орындауға жiберiлген атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

63. Әкiмнiң және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдер белгiленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал «шұғыл» деген белгi болған жағдайда — он күндiк мерзiм белгiленедi.

64. Егер тапсырманың белгiленген мерзiмiнде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) кiдiрудiң себептерi туралы хабарлауға және оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы белгiленген тәртiппен өтiнiш беруi тиiс. Тапсырманы орындау мерзiмiн ұзартуға екi реттен артық жол берiлмейдi.

65. Заң актiлерiнiң, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс, аудан әкiмдiктерiнiң және әкiмдерiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етудi аппарат әкiм айқындаған тәртiппен жүзеге асырады.

66. Аппарат заң актiлерiнiң, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс, аудан әкiмдiктерiнiң және әкiмдерiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi жүйелi хабардар ете отырып, әкiмнiң олардың орындалуын бақылау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етедi.

67. Ақпарат ұсыну мерзiмдерi көрсетiлген және олармен қандай да бiр iс-шаралар жоспары бекiтiлетiн әкiмдiктiң және әкiмнiң актiлерi аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiмен бақылауға алынады, актiлерге «Бақылауға алынды» мөртабаны басылады.

Әкiмдiк пен әкiм актiлерiнiң орындалу мерзiмдерiн бақылауды аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.

68. Әкiмдiктiң және әкiмнiң актiлерiн орындау мерзiмi әкiммен немесе оның мiндеттерiн орындайтын тұлғамен орындалуына жауапты мемлекеттiк орган басшысының жазбаша өтiнiшхатының негiзiнде ұзартылуы мүмкiн.

69. Әкiмдiк пен әкiм актiлерiн бақылаудан алу немесе орындау мерзiмдерiн ұзарту туралы шешiм қабылдау, аудан әкiмiнiң немесе орындалуын бақылау жүктелген орынбасарының бұрыштамасы немесе «iске» белгiсi бойынша жүзеге асырылады.

6. Заң жобаларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмдерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының, министрлiктер бұйрықтарының жобаларын қарауды ұйымдастыру тәртiбi

70. Заң жобалары, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмдерiнiң, министрлiктер бұйрықтарының жобалары (бұдан әрi — НҚА) мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген құзыреттiлiгiнiң шегiнде мүдделi мемлекеттiк органдармен мемлекеттiк органдардың интранет-порталында (бұдан әрi — МОИП) электрондық құжат нысанында келiсiледi.

71. НҚА әзiрлеушi-мемлекеттiк органмен МОИП электрондық құжаттардың нысанында НҚА жобасын, оның түсiнiктеме жазбасын және келiсуге тиiстi мемлекеттiк органмен жолданған мемлекеттiк органның электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы куәландырылған басқа да қажеттi құжаттарды орналастырғаннан кейiн, жоба МОИП арқылы келесiдей түрде келiсiледi:

1) аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi келiсу мерзiмiн (әзiрлеушi-мемлекеттiк органмен қаулылардың жобалары және заң жобалары үшiн басқасы көрсетiлмеген болса, сегiз жұмыс күнiнен көп емес; әзiрлеушi-мемлекеттiк органмен Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобалары үшiн басқасы көрсетiлмеген болса, төрт жұмыс күнiнен көп емес) және НҚА жобаларын келiсу үшiн әкiм орынбасарын немесе аппарат басшысын көрсетедi, ол өз кезегiнде салалық бөлiм немесе атқарушы орган ретiнде орындаушыны белгiлейдi;

2) НҚА жобасын әкiм орынбасарымен немесе аппарат басшысымен қараудың нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекiтiлген Регламенттiң 4.4-тарауына сәйкес жауап ұсынылады.

Келiсу мерзiмiне жауапкершiлiк орындаушыға жүктеледi.

72. НҚА жобаларын келiсу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылауды аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң
регламентiне 1-қосымша

«__________________________________________________»
(жобаның атауы)
аудан әкiмдiгi қаулысының жобасы бойынша дауыс беру нәтижелерiн есепке алу парағы

Жобаны енгiзедi: ___________________________________________________
(әзiрлеушi-мемлекеттiк органның атауы)

№ р/б Аудан әкімдігі мүшелерінің ТАӘ Лауазымы «Иә» «Қарсы» күні
1.   аудан әкімінің орынбасары      
2.   аудан әкімінің орынбасары      
3.   аудан әкімініңорынб асары      
4.   аудан әкімі аппаратының басшысы      
5.   бөлім басшысы      
           
  Мемлекеттік органдардың басшылары (Т.А.Ә. лауазымы)        
           
           
           
           

Аудан әкiмiнiң аппаратында сараптамадан өтуi

1. Салалық бөлімнің басшысы (Т.А.Ә.)      
2 Құқықтық жұмыстар бөлімі      
3 Құжаттамалық қамтамасызету бөлімінің басшысы      
4 Бас маман – аудармашы      

Дайындады: __________________________________________________
                            (басшының қол таңбасы, Т.А.Ә., лауазымы)

______________________
         (телефоны)

20 ___ жылғы _____

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң
регламентiне 2-қосымша

«__________________________________________________»
(жобаның атауы)
аудан әкiмi шешiмiнiң, өкiмiнiң жобасына келiсу парағы

Жобаны енгiзедi: ____________________________________________________
(әзiрлеушi-мемлекеттiк органның атауы)

Аудан әкімінің орынбасарлары Қолтаңбасы Күні Ерекшебелгілер
       
       
Аудан әкімі аппаратының басшысы      
Аудандық әкімі бөлімдер басшылары      
Құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы      
Құжаттамалы ққамтамасы зету бөлімінің басшысы      
бас маман – аудармашы      

Ескертулер: __________________________________________________________________________________________

Дайындаған:__________________________________________________
                                 (басшыныңқолтаңбасы, аты-жөнi, лауазымы )

___________________
        (телефоны)

20__ ж._____ _____________

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң
регламентiне 3-қосымша

«_______________________________________»
(жобаның атауы)
аудан әкiмдiгi қаулысының (әкiм өкiмiнiң, шешiмiнiң) жобасына түсiнiктеме жазба

Көрсетілуі тиісті мәліметтердің тізбесі Әзірлеуші-мемлекетті корганның ақпараты
1. Әзірлеуші-мемлекеттік орган  
2. Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, қабылдаудың негіздемесі  
3. Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақтылы мақсаттары және бол жамды тиімділігі)  
4. Жоба қабылданған жағдайдағы болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары  
5. Жобаны іске асырумен байланысты болатын болжамды қаржылық шығындар  
6. Күтілетін нәтижелердің нақтылы мақсаттары, мерзімдері және жобаны қабылдаудың болжамдыт иімділігі  
7. Осы мәселе бойынша бұған дейін қабылданған құқықтық актілер және оларды іске асырудың нәтижелері туралы мәліметтер  
8. Алдағы уақыттағы заңнамаға сәйкестендірудің, оларды жобамен сәйкестендіру үшін бұған дейін қабылданған құқықтық актілерге өзгерістер/толықтырулар енгізу немесе күші жойылды деп тану туралы ұсыныстардың қажеттілігі  

Әзiрлеушi-мемлекеттiк органның басшысы ____________ / ______________

қолтаңбасы / қолтаңбасының толық жазылуы

Мақалың шыққан күні: 20.12.2016 17:48Жаңартылған күні: 01.11.2018 16:11Қараулар: 2992

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Сіз Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан қонақ үйлер мен отельдердің объектілерінде қызмет көрсету деңгейімен қанағаттанасыз ба?

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54