Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2016 жылғы 17 наурызда
№ 137 бұйрығымен бекiтiлдi

"Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 28.06.2019 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-портал (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi немесе дәлелдi бас тарту мерзiмi — 10 (он) жұмыс күнi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсу — хат немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерi келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажет құжаттар тiзбесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

эскиздiң (эскиздiк жобаның) электрондық көшiрмесi.

Көрсетiлетiн қызмет берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, құжаттар туралы мәлiметтердi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиестi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12684 болып тiркелген) бекiтiлген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларының 41-1-тақмағында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тартуға негiз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шағымдану тәртiбi

11. Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www. miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOCX 21 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 31 мамырда
№ А-7/256 қаулысымен
бекiтiлдi

"Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Эскиздi (эскиздiк жобаны ) келiсуден өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекiтiлген "Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13610 болып тiркелген) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) кеңсе қызметкерi құжаттар келiп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тiркеудi iске асырады — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттардың пакетiн орнатылған талаптарының сәйкестiгiне:

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлер бойынша, мерзiмi 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайтын дәлелдi бас тарту жағдайларын қоспағанда — 7 жұмыс күн;

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлер бойынша, мерзiмi 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайтын дәлелдi бас тарту жағдайларын қоспағанда, консультативтiк-кеңесшi органдарға (бұдан әрi — ККО) жолдайды — 7 жұмыс күн.

4) ККО техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлер бойынша эскиздi (эскиздiк жобаны) қарастырады — 5 жұмыс күн;

5) басшы эскиздi (эскиздiк жобаны) келiседi және қол қояды немесе дәлелдi бас тартады — 1 сағат;

6) кеңсе қызметкерi келiсiлген эскиздi (эскиздiк жобаны) көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi немесе дәлелдi бас тартады — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) өтiнiштi тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) құжаттарды тексеру және дайындау;

4) эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсу немесе дәлелдi бас тарту;

5) келiсiлген эскиздi (эскиздiк жобаны) беру немесе дәлелдi бас тарту.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) консультативтiк-кеңесшi орган.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) кеңсе қызметкерi құжаттар келiп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тiркеудi iске асырады — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттардың пакетiн орнатылған талаптарының сәйкестiгiне:

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлер бойынша, мерзiмi 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайтын дәлелдi бас тарту жағдайларын қоспағанда — 7 жұмыс күн;

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлер бойынша, мерзiмi 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайтын дәлелдi бас тарту жағдайларын қоспағанда, ККО жолдайды — 7 жұмыс күн.

4) ККО техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлер бойынша эскиздi (эскиздiк жобаны) қарастырады — 5 жұмыс күн;

5) басшы эскиздi (эскиздiк жобаны) келiседi және қол қояды немесе дәлелдi бас тартады — 1 сағат;

6) кеңсе қызметкерi келiсiлген эскиздi (эскиздiк жобаны) көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi немесе дәлелдi бас тартады — 15 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 14 Kb)

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
"Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34, 10-кеңсе. Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. "

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"

мемлекеттік қызмет нәтижесін өтінім беру және қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады қызмет автоматтандырылған емес Өтініш тіқарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздікжобасын) келісумерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тартужағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; Эскизді (эскиздікжобаны) келісуден өткізу немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметінің байланыс телефоны Министрліктің интернет ресурсында жарияланған: www.edu.gov.kz, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
               
          эскиз (эскиздікжоба);    
               
          Сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшірмесі;    
               
          Жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкес тендіру үшін).    
               
          Өтініштің қабылдану ынрастау көрсетілетін қызметті берушідегі құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күні көрсетіп отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндетір келгенітуралыбелгі.    
               
                сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайды реконструкциялау мүмкіндігі туралы техникалық зертеу қорытындысының көшірмесі;    
                болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.    
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

"Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34, 10-кеңсе.

Басшысы:  Бос орын

Телефоны: 8 (71636) 4-32-58

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-32-58

E-mail: arhitektura2@mail.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 20.04.2016 10:37
Жаңартылған күні: 06.08.2019 10:35
Қараулар: 933