Выдача разрешения на привлечение денег дольщиков

 

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң 2017 жылғы
26 маусымдағы № 387
бұйрығына 1-қосымша

"Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 15.07.2019 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — 10 (он) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны:

электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру не осы мемлекеттiк қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қағаз тасығышта алу үшiн жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi портал арқылы басып шығарылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң түпнұсқалылығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет электрондық кезек тәртiбiмен, көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы "броньдауға" болады;

2) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiш пен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының уәкiлеттi өкiлi құзыретiн растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн) бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажет құжаттардың тiзбесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға:

екiншi деңгейдегi банктiң жобаға қатысуы тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiштi;

құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемiнде он сегiз мың шаршы метр және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi құрылыста кемiнде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектiлерiн өткiзу, оның iшiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер) ретiнде жиынтығында кемiнде үш жыл тәжiрибесiн растайтын объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi;

мемлекет берген уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншiк құқығымен тиесiлi жер учаскесiне арналған актi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер базасы" ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер болмаған кезде);

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейiн үлескерлердiң ақшасын тарту тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiштi;

салынған объектiлердiң тәжiрибесiн растайтын объектiнi пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның iшiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер) ретiнде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезiнде жиынтығында жалпы алаңы кемiнде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi құрылыс кезiнде кемiнде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлердi (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi. Бұл ретте құрылыс салушының еншiлес ұйымдарының жиынтық тәжiрибесi есепке алынады;

мемлекет берген уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншiк құқығымен тиесiлi жер учаскесiне арналған актi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер базасы" ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер болмаған кезде);

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтiк компанияның есебi;

инжинирингтiк компаниямен шарт.

Көрсетiлген құжаттармен бiрге көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға олардың көшiрмелерiн ұсынады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

2) порталда:

екiншi деңгейдегi банктiң жобаға қатысуы тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiштi;

құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемiнде он сегiз мың шаршы метр және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi құрылыста кемiнде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектiлерiн өткiзу, оның iшiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер) ретiнде жиынтығында кемiнде үш жыл тәжiрибесiн растайтын объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiнiң электрондық көшiрмесi;

мемлекет берген уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншiк құқығымен тиесiлi жер учаскесiне арналған актiсiнiң электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер базасы" ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер болмаған кезде);

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшiрмесi;

тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейiн үлескерлердiң ақшасын тарту тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiштi;

салынған объектiлердiң тәжiрибесiн растайтын объектiнi пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның iшiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер) ретiнде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезiнде жиынтығында жалпы алаңы кемiнде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi құрылыс кезiнде кемiнде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлердi (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiнiң электрондық көшiрмесi. Бұл ретте құрылыс салушының еншiлес ұйымдарының жиынтық тәжiрибесi есепке алынады;

мемлекет берген уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншiк құқығымен тиесiлi жер учаскесiне арналған актiсiнiң электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер базасы" ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер болмаған кезде);

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшiрмесi;

тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтiк компанияның есебiнiң электрондық көшiрмесi;

инжинирингтiк компаниямен шарттың электрондық көшiрмесi.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдау кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық талап етiлетiн құжаттарды тапсырған кезде Мемлекеттiк корпорацияға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама берiледi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер нәтижелерiн беру тиiстi құжаттардың, заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын не нотариалды расталған сенiм хат бойынша жеке тұлғаның өкiлеттiктерiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкiлеттi өкiлiнiң құжатының қабылданғаны туралы хабарлама негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өткенге дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын жолдайды.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Портал арқылы өтiнiш жасаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, хабарлама жiберiледi.

10. Мыналар мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық емес екенiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 29 шiлдедегi № 352 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 14188 болып тiркелген) белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызмет алушыға қатысты белгiлi бiр мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн қызметтi немесе қызметтiң жекелеген түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда портал арқылы пошта бойынша немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысына жiберiледi.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келiп түскен шағымның Мемлекеттiк корпорацияда қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" шағым туралы ақпарат алуға болады, оны мемлекеттiк органда өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелер бойынша жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Мемлекеттiк корпорацияға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналасқан.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлен қызметтi электрондық түрде портал арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефоны:

1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOCX 26 Kb)

 
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

"Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34, 10-кеңсе.

Басшысы: Қуандықов Алмас Жақсылықұлы

Телефоны: 8 (716 36) 4-32-58

Сенім телефоны: 8 (716 36) 4-32-58

E-mail: arhitektura2@mail.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 11.02.2017 17:36Жаңартылған күні: 19.02.2020 18:07Қараулар: 1101

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
ақпан, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77