Аудан әкімінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасары

Ғабдуллин Уәлихан Муташевич

2019 жылғы 26 маусымдағы № 203 өкiмнiң негiзiнде Ғабдуллин Уәлихан Мүташұлы Бурабай ауданы әкiмi орынбасарының мiндетiн атқарушы болып қабылданды.

Уәлихан Мұташұлы, 1972 жылы туған. Бiлiмi-жоғары. 2004 жылы "Фемида" заң академиясын "юриспруденция" мамандығы бойынша, 2006 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика магистрi дәрежесiн алып бiтiрдi. 2009 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын "мемлекеттiк және жергiлiктi басқару" мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 1995 жылы Чкалов аудандық ауруханасының механигi болып бастаған. 2000-2003 жылдары Ақмола облысының iшкi iстер органдарында қызмет еттi. 2003 жылдан бастап "Саут" ЖШС директоры.

2009 жылдың қазан айында "Нұрбанк" АҚ филиалы директорының орынбасары болып тағайындалды, 2010 жылдың маусым айынан бастап "Нұрбанк"АҚ филиалы директоры қызметiне ауыстырылды. 2011 жылғы қазаннан бастап "БТА Банкi"АҚ филиалының директоры. 2013 жылдың ақпан айынан бастап аппарат басшысының Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң iс басқарушысы орынбасары болды.

2014 жылдың шiлде айында Ақмола облысы Кәсiпкерлер палатасының директоры, 2001 жылдың сәуiр айынан бастап "Advance Group KZ" ЖШС директоры болып тағайындалды.

Мақалың шыққан күні: 16.03.2016 19:01
Жаңартылған күні: 28.06.2019 17:49
Қараулар: 2448