Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары

Марпуға Боромбайқызы Нұрпанова — 1965 жылы 13 ақпанда Целиноград қаласында туған. С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттiк институтын, Көкшетау университетiн бастауыш сыныптардың мұғалiмi және заңтану бакалавры мамандықтары бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы бастауыш сынып мұғалiмi болып бастаған. 1992-1996 жылдары Целиноград қаласындағы №29 ОМ директорының орынбасары, ал 1996 жылдан бастап, 2006 жылға дейiн сол мектептiң директоры қызметiн атқарған.

2006-2007 жылдары Щучье ауданының Зеленобор ауылдық округiнiң әкiмi болып еңбек еттi.

2007 жылы Щучье аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң, одан соң, аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы болды.

2009 жылдың 13 ақпанынан Бурабай ауданы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001 ж.) мерейтойлық медалi, «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011 ж.) мерейтойлық медалi мемлекеттiк наградалары бар.

М.Б. Нұрпанова iшкi саясат, бiлiм, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, мәдениет және тiлдердi дамыту, спорт және дене тәрбиесi, азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмдерiнiң қызметiне жетекшiлiк етедi.

Әлеуметтiк-мәдени даму, мобилизациялық жұмыс, iшкi саясат, реформаларды идеологиялық қамсыздандыру, денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, ұлтаралық қатынастар, дене тәрбиесi және спорт, отбасы және әйлдер мәселесi, мемлекеттiк және басқа да тiлдердi дамыту, ономастика, әлеуметтiк серiктестiк, миграциялық және демографиялық саясат, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, әскери қызметке шақырту, мемлекеттiк почта жүйесi салаларына жетекшiлiк жасайды.

Дiни конфессиялармен, аудандық iшкi iстер бөлiмiмен, ұлттық мәдени орталықтармен, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, БАҚ-пен, шығармашылық одақтармен, жастар ұйымдарымен өзара әрекеттестiктi iске асырады.

Жетекшiлiк ететiн салалар бойынша мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлу сапасына бақылау жасайды.

Мақалың шыққан күні: 16.03.2016 15:55Жаңартылған күні: 03.04.2018 09:58Қараулар: 2971

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
тамыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77