Жер заңды негізде

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 48-бабына сәйкес жер учаскелерiне құқық беру, осы баптың 1-т. белгiленген жекелеген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылады.

Ерекше жағдайлар бойынша жер учаскелерiне құқық беру «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» мемлекеттiк қызметi шеңберiнде жүзеге асырылады.

Жер учаскелерiне құқық сату бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 31 наурыздағы 2015 жылғы № 29 бұйрығымен бекiтiлген ережеге сәйкес жүргiзiледi.

Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiне құқық беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекiтiлген ережеге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жер кодексiнiң 43, 44-1, 50-б.б. сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы жер кодексiнiң 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк меншiктегi және шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға алу), ауыл шаруашылығы өндiрiсiне жер пайдалануға берiлмеген жер учаскесiн беру шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға алу), ауыл шаруашылығы өндiрiсiне жер пайдалануға берiлмеген жер учаскесiне құқық беру бойынша конкурс негiзiнде осы бапта белгiленген тәртiп пен талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 48-бабының 6-1 тармағына сәйкес шаруа Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiн шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру осы бапта белгiленген тәртiппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 48-бабының 6-1 тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскесiне құқық беруден бас тартылған жағдайда, мұндай беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырудың қажеттiлiгiне байланысты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық округтiң жергiлiктi атқарушы органы сұралған жер учаскесiне сауда-саттықты (конкурс, аукцион) жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен кешiктiрмей өткiзуге тиiстi.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР

Жер қатынастары бойынша облыстық және аудандық атқарушы органдармен, кенттер мен ауылдық округтердiң әкiмдерiмен жер қатынастары саласындағы көрсетiлетiн бекiтiлген мемлекеттiк қызмет стандарттарының жалпы саны 8 стандартты құрайды.

Оның iшiнде облыстық және аудандық деңгейлерде 7 қызмет, кенттер мен ауылдық округтер әкiмдерiмен 3 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

8 мемлекеттiк қызметтен 5 қызмет "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы баламалы негiзде электрондық нысанда көрсетiледi.

5 мемлекеттiк қызмет «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» ҰАҚ арқылы көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен қажеттi құжаттардың тiзбесi туралы толық ақпаратты Ақмола облысының Жер қатынастары басқармасының сайтынан табуға болады. 

Мақалың шыққан күні: 10.08.2016 11:52
Жаңартылған күні: 05.11.2018 14:55
Қараулар: 1258

Ваше сообщение успешно отправлено